Тұпқараған ауданында балалардың қауіпсіздігін қорғау шарасы ұйымдастырылды
15 Сентября 2015 (10:17) | 1779 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық ІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашеваның хабарлауынша, «01-10 қыркүйек арасында Тұпқараған ауданында «Абайлаңыз-балалар!» шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға білім бөлімі, денсаулық сақтау мекемелерінен, аудандық прокуратурадан және «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен «Жас Отан» жастар қанатының өңірлік ұйымдарынан /барлығы 15 өкіл қатысты».
Түпқараған аудандық ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қуанышбаев:
-Жаңа оқу жылының қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету, көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын нығайту, тұрақты тұратын және оқу орындарында көлік ортасына бейімделуі, жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, оларды болдырмау мақсатында, аудан көлемінде «Абайлаңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы (екі кезеңде: дайындық (20-31 тамыз) және негізгі кезеңді (1-10 қыркүйек)) өткізілді.
Атап айтқанда, дайындық кезеңінде Форт-Шевченко қаласы, Ақшұқыр, С.Шапағатов, Таушық елді мекендеріндегі қоғамдық автокөліктер жүретін автобекеттер мен ауыл арасындағы такси жүргізушілеріне, мектеп автобустарының жүргізушілеріне және аудандағы балабақшаларға барып, жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, оларды болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ал, негізгі кезеңінде 07 қыркүйек күні Ж.Мыңбаев атындағы мектеп гиманзиясында, және 8 қыркүйекте Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің, М.Горыкий мектеп-лицейінің, сонымен қатар М.Әбдіхалықов орта мектебінің, Ақшұқыр мектеп лицейінің, №1 мектеп-лицейінің, З.Баймырзаев және Шахта орта мектебінің, 1-сынып оқушыларын «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу» және «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында іс шаралар өткізіліп, балаларға жол қозғалысы ережесін сақтау түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді, 200 дана буклет жасақталып, таратылды.
Сондай-ақ, аудан көлеміндегі тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысушы адамдар саны – 47,-деп мәлімдеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему