Ақтауда өрт сөндірушілер арасында жеңіл атлетикадан сайыс өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 05:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда өрт сөндірушілер арасында жеңіл атлетикадан сайыс өтті

30 Октября 2016 (15:10) | 2053 | Автор: Нурганым Имашева

 

         «Каспий» стадионы аумағында Маңғыстау облысы өртке қарсы қызметі бөлімдерінің арасында жеңіл атлетикадан сайыс өткізілді. Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 52 жеңіл атлетшілер эстафетада 4х1000м, 100 метрге дейін жүгіруден сайысқан болатын.

 

     -  Жеңіл атлетикалық эстафета – бұл командалық спорт, онда тек бір ғана спортшы емес, бүткіл команда қатысушыларының дене шынықтыру белсенділіктерін танытатын жалпы жағдайы болып табылады.

Үйлесімділік пен бірлесіп жұмыс істеу көптен күткен нәтижеге қол жеткізудің кепілі. Басқасы – басқа, дәл өрт сөндірушілерден артық ұжымда қалай бірлікте жұмыс істеу керек екендігін ешкім білмес, сірә.

 

Өртке шығу кезінде, олар бір-біріне кәміл сенеді, өз өмірлерінің сақталуына сенімді болады, - дейді біздің басылым редакциясына осы жаңалықты жолдаған Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.

 

         Сайыстың салтанатты ашылуы рәсімінде «Маңғыстау облысы ТДЖ ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қаласы)» ММ бастығының орынбасары Нұрғали Еркінбек сөз сөйлеп,қатысушыларға спорттық табыс, шыдамдылық пен мықты денсаулық тіледі.

 

      Жалпы командалық біріншілік қорытындысы бойынша ең үздік команда ретінде №          1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері атанды, екінші орынға - кәсіби дайындық мектебінің командасы лайық деп танылып, үшінші орын - №2 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылар тобына бұйырды.  

 

 Жеңіл атлетикадан эстафетада жеңіс тұғырының бірінші деңгейіне № 4 өрт сөндіру командасы тұрақтады, екінші орын - № 1 ірі өрттерді сөндіру бойынша мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасына және №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тобына бұйырды, ал үшінші орынды № 8 өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді.

 

     Жеке біріншілікте бірінші және екінші жас тобында 1000 метр қашықтыққа жүгіруде мәреге алғашқы болып жеткендер: Джанаев Газис, МӨБ-1 стажері, екінші жас тобында №2 өрт бөлімінің аға өртсөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Өмірбаев Мақсат, 100 метр қашықтыққа жүгіруде бірінші жас тобында үздік спринтерлер болып танылғандар №6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Салиев Жангелді, екінші жас тобында МӨБ-2 аға өртсөндірушісі Мақсат Өмірбаев болды.

 

Ұзындыққа секіруден МӨБ-13 өртсөндірушісі азаматтық қорғау кіші  сержанты, КДМ тыңдаушысы Ізбасқанов Нұрлан жеңімпаз атанды. 

 

Сайысқа қатысушылар: «Осындай жарыстар қызметте де, өмірде де көмектеседі. Ережеге сәйкес өрт сөндіру, елеулі физикалық күш жүктемелерімен сүйемелденеді, ал спорт жақсы дене шынықтыру формасын сақтауға және әрбір құтқарушының өзінің кәсіби міндеттерін лайықты атқаруына көмектеседі»,- дейді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему