Өрт сөндіруші–құтқарушы мамандығымен танысу
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 07:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт сөндіруші–құтқарушы мамандығымен танысу

25 Ноября 2019 (17:36) | 5152 | Автор: Нурганым Имашева

«Өрт қауіпсіздігі айлығы» шеңберінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде және өрт сөндіру күзеті мұражайында №7 мектеп–лицейінің 4 «Е» сынып оқушыларына саяхат жүргізілді. Құтқарушылар өрт сөндірушінің мамандығы туралы айтып, балаларға тіршілік қауіпсіздігі бойынша қарапайым білімдерін көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.

 

 

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Есен Борашев балаларға электр және газ құралдарымен өздерін қалай ұстау керектігін, сіріңке сияқты қауіпті заттардан сақтану керектігін еске салды. Жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында өрттердің туындауына жол бермеуге, сонымен қатар күмәнді заттар немесе жарылыс қаупі бар заттардан жүріс-тұрыс қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше назар аударуды түсіндірді. Саяхаттың басында Есен Борашев өрт сөндірушінің мамандығы, өрт сөндірушінің тұрмысы мен күнделікті жұмысы және қандай қиындықтарға тап болатыны туралы айтып берді. Осындай іс-шаралар өрт-техникалық білімін кеңейтуге, адам өмірін сақтауда жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған.

 

 

Балаларға бөлімде өрт-техникалық қару-жарақтар және авариялық-құтқару құралдарын көрсетті. Оқушылар өрт сөндірушіні мұқият тыңдады. Балаларды өрт кезінде автокөліктердің қалай жұмыс істейтіні және олардың немен жабдықталғаны қызықтырды. Кезекші қарауылдың өрт дабылы кезіндегі оқу-жаттығуын көрсетті: балалардың алдында өрт сөндірушілер санаулы минуттарда өзінің жауынгерлік киімін киіп, өрт сөндіруге кірісуге дайын екендіктерін көрсетті.

 

Кездесу достық атмосферада өтті. Оқушылар күнделікті өрт сөндірумен және адамдарды құтқарумен айналысатын адамдармен әңгімелесуден көптеген пайдалы ақпарат алды.

 

 

Суреттерді ұсынған баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему