Өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың басым көпшілігі Мұнайлы ауданының тұрғындары
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 05:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың басым көпшілігі Мұнайлы ауданының тұрғындары

7 Июня 2019 (12:20) | 3065 | Автор: Нурганым Имашева

Күні кеше Мұнайлы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығындағы E-XALYK ақпараттық жүйесінде кедергілер орнап, құжат тапсырушы тұрғындар шу шығарған болатын. Алайда, 2 сағатқа жетпей мәселе шешіліп, жүйе қайта іске қосылды.

 

 

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Біләлов Берік Жарылғапұлы мәлімдеді

 

Жыл басынан бері Мұнайлы ауданының 1516 отбасына 220 731теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленген. 1 сәуір мен 30 мамыр аралығында осы бағытта 1619 отбасы , 8904 адам өтініш берген. Соның ішінде 1516 отбасына (8734 адам) 220 731 теңге төленсе, 103 адамға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған. Оның ішінде шартты ақшалай көмекке 1264 отбасы (7663 адам ), ал шартсыз ақшалай көмек 252 отбасына (1071 адамға) төленген.

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қ.Нұрмамедованың айтуынша, «Егер отбасында еңбекке қабілетті адам болса, бұл отбасына шартты әлеуметтік көмек тағайындалады. Ол дегеніміз, ол адам жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмысын жасауға міндетті. Ал, жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ болса, мүмкіндігі шектеулі балаға және қарт адамдарға күтім жасап отырса, шартсыз ақшалай көмек беріледі. Екеуінің басты айырмашылығы -шартсыз көмек 6 айға, шартты жәрдемақы 12 айға тағайындалады. Мөлшері – бірдей».

 

-Дегенмен, бұрынғыдай көп құжат жинау форматы жойылған. Кейде желілік ақаулар болып, қабылдау уақыты ұзап кетіп жатады. Осындайда халық шыдамсыздық танытып, басқадай әрекеттерге барады.

 

Асығудың еш қажеті жоқ. Айдын соңында тапсырса да, ол азаматқа сол айға толықтай жәрдемақы төленеді. Негізінен атаулы әлеуметтік көмекті көп балалы отбасылар алуда. Үміткерлердің құжаттары сақадай сай болса, атаулы әлеуметтік көмек 7 жұмыс күннің ішінде тағайындалады, - деді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Берік Жарылғапұлы.

 

Суреттерді түсірген өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему