Ақтаулық жас аналар мен сәбилерге дәрігерлер қауымы мерекелік тарту жасады
Курс валют в Актау
на 27/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
27 Декабря, 10:53
Вход |Регистрация
Главное » Новости спорта

Ақтаулық жас аналар мен сәбилерге дәрігерлер қауымы мерекелік тарту жасады

2 Июня 2014 (04:09) | 5196 | Автор: Редакция

 

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Маңғыстау облыстық денсаулықсақтау басқармасы, облыстық перинаталдық орталықтың басшылығы және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы мейрам қарсаңында өмір есігін ашқан сәбилер мен олардың бақытты аналарына мерекелік сый жасады.

 

Салтанатты шараға қатысқан аймақтың денсаулықсақтау басқармасы басшының орынбасары Алмабек Бейсен, облыстық перинаталдық орталықтың директоры Жамал Жаманбаева, орталықтың акушерия-гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Анаргүл Епенова және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Амангүл Джайлханова атаулы күні дүниеге сәби әкелген жас аналар мен олардың нәрестелерін бүгінгі мейраммен құттықтап, сый-сыяпат ұсынды.

 

Құттықтаушылар жас аналар мен сәбилері орналасқан палаталарға кіріп, әрқайсына мерекелік құттықтауларын, жылы лебіздерін арнап, жақсы тілектерін айтып, нәрестелер мен жас босанған аналардың денсаулықтары және хал-жағдайлары туралы сұрап-біліп, аналарға әдемі гүл шоқтарын, бөбектерге жұмсақ ойыншықтарды сыйға тартты.

 

 

Тосын сыйға риза болған жас аналар құттықтауға келген басшыларға өздерінің алғыстарын жаудырды. Солардың бірі мереке күні өмірге үшінші сәбиін әкелген бақытты ана Гүлзира Ботабаева: «Біріншіден, бүгінгі мерекемен барлық аналар мен олардың балаларын шын жүректен құттықтаймын. Сәбилеріміз ешқашан ауырмасын, дендері сау болып, еліне-елеулі, халқына-қалаулы азамат болып өссін деп тілеймін.

 

Екіншіден, бізді құттықтап жатқан денсаулықсақтау басқармасының өкілдеріне алғысымды білдіремін. Мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін ризамын сіздерге. Облыстық перинаталдық орталықтың барлық қызметкерлеріне, әсіресе акушерия-гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Анаргүл Дайрабекқызына деген алғысым шексіз.

 

Мұнда біздер-сәбилер мен аналар үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Дәрігерлер жиі-жиі келіп, хал-жайымызды біліп, дәрігерлік кеңестерін айтып, көмектерін көрсетіп жатыр. Қамқорлықтарын көрсетіп, күн демей, түн демей күтім жасауда аналар мен бөбектерге. Сол үшін біз өте ризамыз»,-деді алғысын арнай отырып.

 

 

Облыстық перинаталдық орталықтың акушерия-гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Анаргүл Дайрабекқызы Епенова: «1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнін-кішкентай бөбектердің дүниеге келуіне байланысты болар, перзентхана қызметкерлері үшін, оның ішінде нәрестелер шыр етіп дүниеге келген кезде ең бірінші куәгер болатындықтан шығар, біз-акушер-гинекологтар үшін үлкен мерекенің бірі деп есептейміз. Біз осы 1 маусым мерекесін жыл сайын атап өтеміз.

 

Сондықтан биылғы мейрам демалыс күнге сәйкес келгеніне қарамастан біз перзентхана қызметкерлері барлығымыз бүгін жұмыста жүрміз. Өйткені біз осы мереке күні дүниеге келген сәбилерді ерекше күтіп, осы күннің мейрам екенін аналарының да есіне салып, ұжым болып, түгел осы күні қызметте болып, аналар мен бөбектерін құттықтаймыз.

Былтырғы жылы мереке күні өмірге 9 сәби келген болса, биыл, бүгінгі мереке күні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнгі 24-00 сағаттан күндізгі 12-00 сағатқа дейін 14 нәресте дүние есігін ашты. Олардың 10-қыз бала болса, 4-ұл. Алайда біз үшін сәбилердің ұл немесе қыз екенінің айырмашылығы жоқ, бастысы олардың аман-есен дүниеге келіп, дендерінің сау болуы.

 

Балалар-біздің болашағымыз. Балаларды қорғау күніне арналған мұндай мерекенің жылдан-жылға маңызы артып, ұлғая түссін, Қазақстанның жарқын болашағын жасайтын дені сау ұрпақ дүниеге келе берсін деген тілегім бар. Мереке құтты болсын!»,-деп өзінің жүрекжарды ізгі тілегі мен құттықтау сөздерін арнады. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему