ForteBank Ақтауда жаңа ұрпаққа арналған филиал ашты
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 08:46
Вход |Регистрация
Главное » Рекламные публикации

ForteBank Ақтауда жаңа ұрпаққа арналған филиал ашты

29 Июня 2018 (10:33) | 3863 | Автор: Редакция

28 маусым күні Ақтауда жаңа ұрпаққа арналған ForteBank филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа орталық облыстық филиалдың тұсаукесеріне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты.

 

 

Қонақтар үшін экскурсияны ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили және филиалдың директоры Аббат Урисбаев өткізді. Олар офистердің тұжырымдамасы мен стилі ұзақ талқыланғанын және Италияның DINN дизайнерлік компаниясының кәсіби мамандарымен мұқият әзірленгенін айтты. Банкоматтар мен терминалдарға тәулік бойы қолжетімділік жоспарда көзделген. ForteBank офистері The Financial Brand (АҚШ) басылымының хабарлауынша әлемдегі банк бөлімшелерінің үздік дизайндарының қатарында байқалды. Алайда клиенттерді кезектегі күтуден құтқаратын өздігінен қызмет көрсетудің қолайлы аймақтары жаңа форматтағы бөлімшелердің ең басты ерекшелігі болып табылады. Барлық қажетті қызметтерді мобильдік қосымшаның көмегімен жасауға болады, айтпақшы, ол барлық пайдаланушылар үшін ашық.

 

«Көктемде елдегі банктік карталардың барлық пайдаланушылары үшін мобильдік қосымшаны аштық. Кез келген банктің клиенті бола тұрып, Сіз ForteBank қосымшасын жүктеп, өз картаңыздың нөмірін енгізіп, тіркеле аласыз және осылайша біз барлық қызметтерді пайдалануды ұсынамыз. Біздің сервиске 200 мыңнан астам қазақстандық баға берді, ай сайын мобильдік қосымша арқылы 2 миллионға жуық транзакция жүргізілуде. Біз күн сайын банкпен өзара іс-қимыл процесін неғұрлым тартымды, қолайлы әрі пайдалы ету үшін жұмыс жасап жатырмыз», - деп атап өтті ашылу салтанатында Гурам Андроникашвили.

 

 

Егер клиенттердің біреуі әлі онлайн-қызметтерді қалай пайдалануды соңына дейін білмесе, оған өздігінен қызмет көрсету аймағында сыпайы консультант әрдайым көмек беруге дайын. 2017 жылы банктің мобильдік қосымшасы Қазақстан № 1 болып танылды және Ресейдің Markswebb талдамалық агенттігінің хабарлауынша, ТМД-дағы 10 үздік банктің қатарында.

 

Сонымен қатар, салтанатты ашылу рәсімі аясында ForteBank пен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында мақсаты өңірдің дамуына ықпал жасайтын жобаларды іске асыру, сондай-ақ халыққа сапалы банк қызметтерін көрсету болып табылатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

«Қаржы институттарының арасында ForteBank айрықша орын алып отыр және елдегі ең өтімді әрі тұрақты банктердің бірі болып табылады. Біз ForteBank пен Маңғыстау облысы әкімдігінің өңірдің одан әрі дамуы бойынша ортақ жоспарларының бар екендігіне және тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз, бұл жөнінде бүгін қол қойылған меморандум куәландырып отыр», – деді ашылу рәсімінде Ералы Тоғжанов.

 

 

Қазірдің өзінде банк өңірде халыққа және компанияларға қызметтер көрсету бойынша көшбасшы орындарға нық сеніммен шығып келеді. ForteBank облыстық филиалының клиенттері 34 000 астам жеке клиенттер және 3000 жуық кәсіпкерлер болып отыр. ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады, ал Маңғыстау облысындағы филиал бірнеше рет бөлінген қаражаттарды игеру қарқыны бойынша көшбасшы болды. 2017 жылдың қорытындылары бойынша 2,5 млрд. теңге сомаға 28 жобаны қаржыландырды.

 

Сондай-ақ ForteBank қаржыландырған «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың бірінші шартына қол қою жаңа офистің ашылуындағы ең басты сәттердің біріне айналды.

_____________________________________________________________________________________________

ForteBank елдің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі болып табылады, бізге 2 000 000 астам клиент сенеді, біздің 19 филиалымыз бен 100 жуық бөлімшеміз бар. Банктің ұтқыр қосымшасы Қазақстанда №1 және ресейлік Markswebb талдамалық агенттігінің хабарлауынша ТМД-дағы 10 үздік банктің қатарында танылды. 2017 жылы ForteBank The Banker хабарлауынша «Қазақстандағы Жыл банкі» және «Global Finance» хабарлауынша Қазақстанның үздік банкі деп танылды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему