ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ
Курс валют в Актау
на 06/12/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
6 Декабря, 05:59
Вход |Регистрация
Главное » Новости Казахстана

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ

21 Октября 2025 (11:28) | 509 | Автор: Редакция

Қазанның 25-і — баршамыз үшін аса маңызды тарихи күн. Бұл күн — халқымыздың тәуелсіздік жолындағы мәңгілік арман-мұратының жүзеге асқанын білдіретін Республика күні. Еліміздің мемлекеттік мәртебесі айқындалып, егемендік пен бірліктің бастауы болған бұл күн – ұлт тарихындағы ең қастерлі мерекелердің бірі.


1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» еліміздің тәуелсіздікке бастар алғашқы нақты қадамы болды. Сол тарихи құжатта халқымыздың тағдырын өз қолына алу, дербес даму бағытын айқындау, ұлттық құндылықтарды сақтау мен болашақ ұрпақтың жарқын өмірін қамтамасыз ету идеялары көрініс тапты. Бұл – мемлекетіміздің жаңа дәуірге қадам басқан күні.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі отыз жылдан астам уақытта еліміз бейбітшілік пен тұрақтылықтың, экономикалық өсудің және рухани жаңғырудың үлгісіне айналды. Қазақстан бүгінде халықаралық аренада өз орнын ойып тұрып алған, әлем мойындаған елге айналды. Мемлекетіміздің табысының басты кілті – ел ішіндегі ынтымақ пен бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік.

Біздің басты борышымыз – осы жетістіктерді сақтау және одан әрі дамыту. Әскери қызметші ретінде біз еліміздің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға ант берген жандармыз. Бұл – үлкен абырой, әрі зор жауапкершілік. Әскердің қуатты болуы – мемлекеттің тұтастығының кепілі. Сондықтан әр сарбаз өз қызметін адал атқарып, ел намысын қорғауға дайын болуы қажет.

5517 әскери бөлімінің жеке құрамы да осы ұлы мұрат жолында аянбай еңбек етіп келеді. Біздің сарбаздар мен офицерлер өз борышына адал, тәртіпті әрі кәсіби даярланған. Олар ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында күн-түн демей қызмет атқарып, азаматтарымыздың бейбіт өмірін сақтауда. Бұл – біздің Отан алдындағы қасиетті парызымыз.

Республика күні – тек өткенді еске алу емес, сонымен қатар болашаққа сеніммен қараудың, жаңа мақсаттар мен биіктерге ұмтылудың мерекесі. Бүгінгі жас ұрпақ ел тарихын біліп, тәуелсіздіктің қадірін түсініп өсуі керек. Біз, әскери ұжым, жас сарбаздар мен офицерлерге елге адал қызмет етудің, патриоттық рух пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге тиіспіз.

Құрметті жерлестер, қадірлі әріптестер!
Баршаңызды ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық, әр отбасына амандық пен молшылық тілеймін. Егемен еліміздің көк байрағы мәңгі биікте желбірей берсін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Республикамыз мәңгі жасай берсін!

5517 әскери бөлімінің командирі полковник Сахатов Омиржан Толешович.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему