Казахстанско-Немецкий глаукомный центр открылся в Алматы
18 Декабря 2024 (15:15) | 313 | Автор: Редакция
В Казахском научно-исследовательском институте глазных болезней (КазНИИ ГБ) состоялось торжественное открытие Казахстанско-Немецкого глаукомного центра. Это знаковое событие стало важным этапом в развитии международного сотрудничества в области офтальмологии.
На церемонии открытия присутствовали представители акимата города Алматы, ведущие офтальмологи Казахстана и профессор Карл Эрб из Германии. Участники мероприятия отметили высокий уровень подготовки и организации, подчеркнув значимость нового центра для диагностики и лечения глаукомы — заболевания, которое является одной из ведущих причин слепоты и слабовидения.
Важным событием стало подписание меморандума о сотрудничестве между КазНИИ ГБ и Институтом прикладной офтальмологии в Берлине, возглавляемым профессором Карлом Эрбом, заведующим отделением глазной клиники Wittenbergplatz, директором-основателем частного Института прикладной офтальмологии, профессором университетской клиники Charité. Этот документ закрепил стратегическое партнерство, направленное на обмен опытом, совместные исследования и развитие новых технологий в области лечения глаукомы.
В Казахстане зарегистрировано более 70 тысяч пациентов с диагнозом глаукома, и это число продолжает расти. Ранняя диагностика и своевременное лечение являются основными факторами для сохранения зрения у пациентов с этим заболеванием.
КазНИИ ГБ играет ключевую роль в реализации скрининга глаукомы, который стартовал в 2011 году в рамках государственной программы развития здравоохранения. Благодаря этой программе выявляемость ранних стадий заболевания возросла в два раза.
Церемония включала традиционное перерезание ленточки, символизирующее официальное открытие центра. Руководство института, гости и партнеры выразили уверенность в том, что новый центр станет площадкой для обмена опытом, обучения и внедрения передовых технологий лечения глаукомы.
Выступление генерального директора КазНИИ ГБ, Алдашева Нэйля: «Сегодняшний день является важным шагом в укреплении наших международных связей. Открытие Казахстанско-Немецкого глаукомного центра — это результат стратегического партнерства с Институтом прикладной офтальмологии под руководством профессора Карла Эрба. Новый центр поможет нам в борьбе с таким социально значимым заболеванием, как глаукома. Мы будем продолжать работу над совершенствованием офтальмологической службы в Казахстане».
Профессор Карл Эрб в своей речи отметил: «Мы видим это сотрудничество как взаимный обмен опытом, который принесет пользу пациентам с глаукомой в Казахстане. Благодаря современному оборудованию и высокому уровню специалистов в КазНИИ ГБ, новый центр станет значимой вехой в лечении и диагностике глаукомы. Я уверен, что наше совместное взаимодействие будет развиваться и приносить свои плоды».
Заместитель акима города Алматы Нусупова Асем подчеркнула: «Город Алматы уделяет большое внимание развитию медицины. Новый глаукомный центр — это значимый вклад в улучшение здоровья наших граждан. Мы продолжим поддерживать программы обучения и обмена опытом с зарубежными коллегами, чтобы поднимать уровень медицинской помощи на новый уровень».
Особое внимание привлекли выступления ключевых специалистов Ботабекова Турсунгуль, доктор медицинских наук, профессор, член-корреспондент НАН РК, главный внештатный офтальмолог Министерства здравоохранения Республики Казахстан, подчеркнула важность ранней диагностики и внедрения новых технологий: «После 40 лет нужно ответственно подходить к обследованию глаз. Если мы вовремя не проведем операцию, можно потерять зрение. Важно внедрять новые технологии, такие как лазерные методы и многие другие. Объединившись с коллегами из Германии, мы хотим усилить работу в этом направлении».
Руководитель управления общественного здравоохранения города Алматы, Аканова Асия, отметила значимость открытия центра для улучшения системы здравоохранения в регионе и повышения доступности диагностики и лечения глазных заболеваний.
После официальной части состоялся семинар, где специалисты из разных регионов Казахстана обсудили современные подходы к диагностике и лечению глаукомы.
КазНИИ ГБ продолжает укреплять свою репутацию как ведущего центра офтальмологии в Казахстане, демонстрируя высокий уровень научного, образовательного и клинического потенциала.
Справка
КазНИИ глазных болезней является ведущим научно-клиническим учреждением в области офтальмологии в Республике Казахстан и вносит значительный вклад в развитие лечения глазных заболеваний. За 90 лет своего существования институт стал крупнейшим научно-образовательным центром, проводит широкий спектр исследований, развивает новые технологии и внедряет передовые методы лечения. Ежегодно здесь получают лечение сотни тысяч пациентов.
КазНИИ ГБ активно интегрирован в международное медицинское сообщество, систематически проводя мероприятия с участием отечественных офтальмологов и зарубежных специалистов самого высокого уровня.
Глаукома — это хроническое заболевание, связанное с повышением внутриглазного давления, что может привести к повреждению зрительного нерва и потере зрения. В Казахстане зарегистрировано более 70 тысяч пациентов с диагнозом глаукома, и это число продолжает расти. Ранняя диагностика и своевременное лечение являются ключевыми факторами для сохранения зрения у пациентов с этим заболеванием.
Запросы для дополнительной информации о центре и семинаре: Телефон: +7 (707) 383-38-33 Контактное лицо: Думан Капасов.
Алматыда Қазақ-Неміс глаукома орталығы ашылды
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында (КА ҚазҒЗИ) Қазақ-Неміс глаукома орталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды оқиға офтальмология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болды.
Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Қазақстанның жетекші офтальмологтары және Германиядан келген профессор Карл Эрб қатысты. Іс-шараға қатысушылар соқырлық пен нашар көрудің жетекші себептерінің бірі болып табылатын сырқат – глаукоманы диагностикалау және емдеуге арналған жаңа орталықтың маңыздылығын айшықтап, дайындық пен ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.
КА ҚазҒЗИ және Берлиндегі Қолданбалы офтальмология институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою маңызды оқиға болды, оны Wittenbergplatz көз клиникасы бөлімінің меңгерушісі, дербес Қолданбалы офтальмология институтының негізін қалаушы директоры, Charité университеттік клиникасының профессоры, профессор Карл Эрб басқарады. Бұл құжат тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және глаукоманы емдеу саласындағы жаңа технологияларды дамытуға бағытталған стратегиялық серіктестікті бекітті.
Қазақстанда глаукома диагнозы қойылған 70 мыңнан астам науқас тіркелген және олардың саны өсуде. Осы аурумен ауыратын науқастардың көру қабілетін сақтаудың негізгі факторлары ерте диагностикалау және уақытылы емдеу болып табылады.
КА ҚазҒЗИ денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы басталған глаукома скринингін іске асыруда шешуші рөл атқарады. Осы бағдарламаның арқасында аурудың ерте кезеңдерін анықтау екі есе өсті.
Салтанатты рәсімге орталықтың ресми ашылуын айшықтайтын дәстүрлі лента кесу кірді. Институт басшылығы, қонақтар мен серіктестер жаңа орталықтың тәжірибе алмасу, оқыту және глаукоманы емдеудің озық технологияларын енгізу алаңына айналатынына сенім білдірді.
КА ҚазҒЗИ Бас директоры Алдашева Нэйляның сөйлеген сөзінен: «Бүгінгі күн біздің халықаралық байланыстарымызды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Қазақ-Неміс глаукома орталығының ашылуы – профессор Карл Эрб басқаратын Қолданбалы офтальмология институтымен стратегиялық серіктестіктің нәтижесі. Жаңа орталық бізге глаукома сияқты әлеуметтік маңызды сырқатпен күресуге көмектеседі. Біз Қазақстанда офтальмологиялық қызметті жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз».
Профессор Карл Эрб өз сөзінде мынаны атап өтті: «Біз бұл ынтымақтастықты Қазақстандағы глаукомамен ауыратын науқастарға пайда әкелетін өзара тәжірибе алмасу ретінде көреміз. КА ҚазҒЗИ-дағы заманауи жабдықтар мен мамандардың жоғары деңгейінің арқасында жаңа орталық глаукоманы емдеу мен диагностикалауда маңызды меже болмақ. Біздің бірлескен қарым-қатынасымыз дамып, өз жемісін беретініне сенімдімін».
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нусупова Асем былай деп атап өтті: «Алматы қаласы медицинаның дамуына баса көңіл бөледі. Жаңа глаукома орталығы –азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға қосқан елеулі үлес. Біз медициналық көмек деңгейін жаңа деңгейге көтеру үшін шетелдік әріптестермен оқыту және тәжірибе алмасу бағдарламаларын қолдауды жалғастырамыз».
Негізгі мамандардың сөйлеген сөзі ерекше назар аудартты Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологы Ботабекова Турсунгуль ерте диагностикалау мен жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті: «40 жастан кейін көзді тексеруге жауапкершілікпен қарау керек. Егер біз операция уақытында жасалмаса, көру қабілетіннің жоғалуы мүмкін. Лазерлік және басқа көптеген әдістер сияқты жаңа технологияларды енгізу өте маңызды. Германиядан келген әріптестермен бірлесе отырып, біз осы бағыттағы жұмысты күшейтуді қалаймыз».
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аканова Асия өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсарту және көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігін арттыру үшін орталықтың ашылуының маңыздылығын атап өтті.
Ресми бөлімнен кейін семинар өтті, онда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген мамандар глаукоманы диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады.
КА ҚазҒЗИ ғылыми, білім беру және клиникалық әлеуетінің жоғары деңгейін көрсете отырып, Қазақстандағы офтальмологияның жетекші орталығы ретіндегі беделін нығайтуды жалғастыруда.
Анықтама
Көз аурулары ҚазҒЗИҚазақстан Республикасындағы офтальмология саласындағы жетекші ғылыми-клиникалық мекеме болып табылады және көз ауруларын емдеуді дамытуға елеулі үлес қосады. Жұмыс істеп тұрған 90 жыл ішінде институт ірі ғылыми-білім беру орталығына айналды, зерттеулердің кең ауқымын жүргізеді, жаңа технологияларды дамытады және емдеудің озық әдістерін енгізеді. Мұнда жыл сайын жүздеген мың емделуші ем алады.
КА ҚазҒЗИ отандық офтальмологтардың және ең жоғары деңгейдегі шетелдік мамандардың қатысуымен іс-шараларды жүйелі түрде өткізе отырып, халықаралық медициналық қоғамдастыққа белсенді интеграцияланған.
Глаукома – бұл көзішілік қысымның жоғарылауымен байланысты созылмалы ауру, ол көру жүйкесінің зақымдалуына және көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Қазақстанда глаукома диагнозы қойылған 70 мыңнан астам науқас тіркелген және олардың саны өсуде. Осы аурумен ауыратын науқастардың көру қабілетін сақтаудың негізгі факторлары ерте диагностикалау және уақытылы емдеу болып табылады.
Орталық және семинар жайлы қосымша ақпарат алу үшін сұрау салулар: Телефон: +7 (707) 383-38-33 Байланыс тұлғасы: Думан Капасов
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему