Известная исследовательница рассказала о проблемах освещения роли женщин в истории Казахстана
Курс валют в Актау
на 20/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
20 Ноября, 20:28
Вход |Регистрация
Главное » Новости Казахстана

Известная исследовательница рассказала о проблемах освещения роли женщин в истории Казахстана

21 Августа 2024 (10:37) | 345 | Автор: Редакция

Исследовательница и политолог Камила Смагулова утверждает, что женщины в казахской истории до сих пор представлены не как самостоятельные личности, а в качестве второстепенных участников событий. По ее словам, когда речь заходит о женщинах, то они упоминаются либо в контексте родства с теми или иными историческими героями, либо через использование нарративов «жертва» или «героиня».

Об этом Камила Смагулова рассказала в ходе лекции «Женщины в истории Казахстана XX века: нарративы памяти», организованной мультиплатформенным научно-образовательным проектом Qalam Global в городе Актобе.

«В нашей истории много белых пятен. В первую очередь это касается женщин. В школе и университете многие казахские женщины все еще не упоминаются. Например, если говорить о Алаш, то образ женщин, которые жили в то время и входили в круг деятелей движения, в общественном сознании не сформировался. Эти женщины редко упоминаются как в исследовательских статьях, так и в современной поп-культуре, где Алаш является трендовым явлением. В большинстве случаев роль женщины ограничивается тем, кем она была — женой, дочерью или другим родственником того или иного деятеля. Например, Гайнижамал Дулатова многие годы работала в казахской журналистике, но общество прежде всего знает ее как жену Миржакипа Дулатова», — говорит она.

Исследовательница, помимо Г.Дулатовой, также отмечает подвергшихся репрессиям Шахзоду Шонанову, Мамилу Танатову, Торгай Сулейменову, а также журналистку и переводчицу Назипу Кулжанову, которая организовала творческий вечер в честь Абая в Семее, Фатиму Габитову – автора дидактического материала по обучению казахскому языку русскоязычных учеников, и Алму Оразбаеву, внесшую большой вклад в принятие декрета о запрете калыма.

«Еще один часто встречающийся нарратив — это изображение казахской женщины либо героиней, либо жертвой. К первому случаю относятся образы Томирис, Алии и Маншук. Такой подход применяют в свою пользу в рамках политики и идеологии. Что касается роли жертвы, то можно привести в пример Декабрьское восстание 1986 года: бывает, вместо того, чтобы говорить о личностях девушек, которые по своему желанию и воле вышли на площадь, используется дискурс «казахские парни восстали, чтобы защитить казахских девушек», тем самым превращая казахскую девушку в объект, который нужно спасать», — отметила исследовательница в ходе лекции Qalam.

Также Камила Смагулова говорит, что борьба за права женщин на казахской земле началась на десятилетие раньше, чем первые видимые события мирового феминизма.

«Сейчас распространены мнения, что «В Казахстане не было феминизма» и «Не было равенства женщин». Но если в других странах такие изменения начались с событий 1920-х годов, например, с движения суфражисток, то казахские женщины подняли этот вопрос раньше. Я полагаю, что ключевая дата – это первый женский митинг в Семее в 1907 году. Еще до появления Советского Союза казахские феминистки поднимали вопросы равенства женщин, доступа к образованию», — считает она.

Справочная информация:

Камила Смагулова – исследовательница, изучающая такие явления, как национализм и национальное строительство, историческая память и гражданская активность. Она имеет степень магистра государственной политики и степень бакалавра политологии/международных отношений. Камила являлась внештатным научным сотрудником программы «Europe-Central Asia Monitoring» (Нидерланды). В настоящее время – научная сотрудница исследовательского центра PaperLab, стипендиатка престижной программы Lane Kirkland (Польша).

Qalam Global – мультимедийный проект, посвященный истории и культуре мира, как они видятся из Казахстана и Центральной Азии. Над проектом работает международная команда исследователей из разных стран, включая Казахстан, США, Канаду, Великобританию, Россию. Qalam доступен на трех языках: казахском, русском и английском.

Танымал зерттеуші Қазақстан тарихындағы әйел рөлі туралы ақпарат берудегі проблемалар жайлы айтып берді

Зерттеуші және саясаттанушы Камила Смағұлова қазақ тарихындағы әйелдердің бейнесі әлі күнге жеке-дара тұлға емес, жанама сипаттағы кейіпкер ретінде берілетінін айтады. Оның сөзінше, әйелдер жайлы сөз қозғалғанда, не олардың белгілі бір адамға деген туыстық қатынасы туралы ақпарат, не «құрбан» яки «батыр қыз» деген нарративтер ғана қолданылады екен.

Бұл туралы Камила Смағұлова «20-ғасырдағы Қазақстан тарихындағы әйелдер – жады нарративтері» атты дәріс барысында айтып берді. Шараны Qalam Global көптұғырлы ғылыми-біліми жобасы Ақтөбе қаласында ұйымдастырған болатын.

«Тарихымызда ақтаңдақтар көп. Соның арасында ең бірінші боп әйелдердің есімдері тұр. Мектепте де, университетте де көптеген қазақ қызының аты аталмай қалған. Мәселен, Алаш туралы айтсақ, сол заманда сол ортада жүрген әйел тұлғалардың бейнесі қоғамдық санада қалыптасаған. Бұл санаттағы қыз-келіншектер зерттеу-мақалаларда да, қазір поп-мәдениетте трендке айналған Алаш туралы туындыларда да сирек кездеседі. Көп жағдайда әйелдің рөлі бөлек актор ретінде емес, қай қайраткердің жұбайы, қызы немесе басқадай туысы болғанымен ғана шектеледі. Мысалы, Ғайнижамал Дулатова – журналистикада, қазақ баспасында өте көп еңбек еткен жан. Бірақ қоғам оны бірінші кезекте Міржақып Дулатовтың жары деп таниды», – дейді ол.

Зерттеуші бұл қатарға Ғ.Дулатовадан бөлек қуғын-сүргінге ұшыраған Шахзода Шонанова, Мəмила Таңатова, Торғай Сүлейменова, сонымен қатар журналист, аудармашы, Семейде Абайға арнап шығармашылық кеш өткізген Нәзипа Құлжанова, орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқыту туралы дидактикалық материал жазған Фатима Ғабитова, қалың малға тыйым салатын декреттің пайда болуына үлкен үлес қосқан Алма Оразбава секілді тұлғаларды қояды.

«Тағы бір жиі кездесетін нарратив – қазақ әйелін не батыр, не құрбан қылып қана көрсету. Біріншісіне Томиристің, Әлия мен Мәншүктің бейнелерін кеңінен қолдану кіреді. Мұндай әдістің саясат пен идеология үшін өз пайдасы бар. Ал «құрбан» рөліне қатысты Желтоқсан-86 көтерілісінен мысал келтіруге болады: мұнда алаңға өз қалауымен, еркімен барған қыздардың тұлғасына тоқталмай, «қазақ жігіттері көтеріліске қазақ қыздарын қорғау үшін барды» дейтін, яғни қазақ қызын құтқарылуға тиіс объектіге айналдыратын дискурс кездеседі», – деп атап өтті зерттеуші Qalam дәрісі барысында.

Сондай-ақ Камила Смағұлова қазақ даласындағы әйел құқығы үшін күрестің әлемдік феминизмнің бой көрсетуінен бір онжылдық бұрын басталып кеткенін айтады.

«Қазір «Қазақстанда феминизм болмаған», «Әйел теңдігі болмаған» деген пікірлер таралған. Бірақ басқа елдерде мұндай өзгерістер өткен ғасырдың 20-жылдарындағы оқиғалардан, мәселен, суфражистердің қозғалысынан бастау алса, қазақ әйелдері одан бұрын бастама көтерген болатын. Меніңше, негізгі дата Семейдегі 1907 жылғы әйелдердің тұңғыш митингі болуы керек. Кеңес Одағы пайда болмай тұрып-ақ қазақ феминистері әйелдердің теңдікке, білімге қол жеткізуі секілді мәселелерді қозғаған», – деп санайды ол.

  1. ХХ ғасырдағы қазақ тарихына әйелдердің призмасы тұрғысынан қарау, Кеңес Одағының әйел бейнесін өз мақсатында пайдалануы секілді тақырыптарға тоқталды, сонымен қатар педагог және дидактик Фатима Ғабитова, актриса Хадиша Бөкеева, журналист Нәзипа Құлжанова секілді тұлғалардың тағдырын мысалға ала отырып өткен ғасырдағы әйелдердің өміріндегі елеулі жайттарды атап өтті.

Анықтамалық ақпарат:

Камила Смағұлова – ұлтшылдық пен мемлекет құру, тарихи жады мен азаматтық белсенділік секілді үдерістерді зерттеуші. Мемлекеттік саясат магистрі және саясаттану/халықаралық қатынастар бакалавры дәрежесі бар. «Europe-Central Asia Monitoring» (Нидерланды) бағдарламасының штаттан тыс зерттеушісі. Қазіргі уақытта ол PaperLab зерттеу орталығының ғылыми қызметкері және Lane Kirkland бағдарламасының стипендиаты (Польша).

Qalam Global – әлем тарихы мен мәдениетіне Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің көзімен қарайтын мультимедиялық жаңа жоба. Жобаға Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Ресейден келген халықаралық зерттеушілер тобы қатысады. Qalam жобасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему