Өтініштерді қабылдау тәртібі
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 01:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өтініштерді қабылдау тәртібі

30 Июня 2023 (16:26) | 2992 | Автор: Редакция

2023 жылдың 5 айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы 109 жолданым, оның ішінде 90-ы жеке тұлғалардан және 19-ы заңды тұлғалардан түскен.

Департаменттің құзыреті шегінде 85 өтініш, оның ішінде 48 оңайлатылған тәртіпте, 37 әкімшілік рәсім тәртібінде қаралды (23 қолайлы акт, 9 ауыртпашылықакт қабылданды). Бағыныстылығы бойынша басқа мекемелерге жолданған  өтініштер саны -12.

Сонымен қатар, Аумақтық департамент басшылығы жүйелі түрде азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады. Жыл басынан бері түрлі форматтағы алаңдарда (халыққа қызмет көрсету орталықтары, ашық әкімдіктер, «Amanat» партиясының облыстық филиалы, «Халық заңгері» науқаны аясында т.б.) 46 тұлға қабылданып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Азаматтар өтінішті электрондық түрде немесе қағаз түрінде (нарочно) беруге құқылы.

Қазіргі таңда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Е-өтініш» жүйесі арқылы қабылданады. Сонымен бірге, өтініштермен жұмыс жасау талабы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.

Бұл ретте, жеке және заңды тұлғалар өз өтініштерін беру барысында келесідей талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Атап айтқанда, онда өтініш иесінің аты-жөні,  әкесінің аты (егер құжатта көрсетілген жағдайда),  жеке сәйкестендіру нөмірі (егер болған жағдайда), жеке тұлғаның пошталық мекен-жайы немесе атауы, заңды тұлғаның пошталық мекен-жайы, бірегей сәйкестендіру нөмірі, өтінішін жолдап отырған мекеменің атауы, лауазымды тұлғаның аты-жөні қамтылуы қажет.

Сонымен бірге,  өтініштің мән-жайы, өтініштің жолданған уақыты (айы, күні, жылы), өтініші берушінің немесе оның өкілінің қолы және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа да мәліметтер көрсетілуі қажет.

Осы орайда, өтініште болуы қажетті талаптар орындалмаған жағдайда, арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетуі арқылы талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді.

Егер де, өтініш иесі белгілеген мерзім ішінде қойылған талаптарды сәйкес келтірмесе, өтініш кері қайтарылуға жатады.

Аумақтық Департаментке өтініш жолдау кезінде сұрақтар туындаса 30-36-42 телефон нөміріне хабарласуға болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему