Қарақия ауданының ерікті өрт сөндіру құрамдары өзара жарысты
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 04:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарақия ауданының ерікті өрт сөндіру құрамдары өзара жарысты

20 Апреля 2018 (13:50) | 2269 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қарақия ауданының елді-мекендерінде құрылған ерікті өрт сөндіру құрамдары арасында эстафеталық сайысы өткізілді. Жарысқа ауданнан үш топ қатысты. Эстафеталық сайыстың ережесіне сәйкес, қатысушылар келесі кезеңдер бойынша өзара жарысты:

 

  1. Өрт сөндіру жауынгерлік киімін белгіленген уақытта кию;
  2. Белгіленген уақыт аралығында жауынгерлік қанат жаю;
  3. Құтқару арқандарын белгіленген уақытта байлау;

 

Аталған жарысқа «Жедел құтқару жасағы», «№2 өрт сөндіру бөлімінің» жеке құрамы қатысты.

 

Іс-шараны өткізу барасында топ қатысушыларына Төтенше жағдайлар және Өрт сөндіру қызметі жайлы көптеген мәліметтер беріліп, саланың қызметі туралы түсіндірілді.

 

 

Эстафеталық сайыс ерікті құрамдар үшін өте қызықты да тартысты жарыс болды. Сонымен қатар, іс шараны ұйымдастыру барысында өрт және жедел құтқару жасағының техникалары мен құралдарының көрінісі өткізілді.

 

Эстафеталық сайыс нәтижесінде жүлделі орын алған топтар әділқазылар мүшелерінің шешімімен кубоктар және мақтау грамоталарымен марапатталды. 

 

Елшібаев Данияр Дастанұлы

Қарақия ауданы Төтенше

жағдайлар бөлім бастығының м.а.

азаматтық қорғау аға лейтенанты

 

Суреттерді түсірген Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему