Маңғыстаулық балуан Әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 17:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуан Әлем чемпионатында жүлдегер атанды

22 Ноября 2017 (10:40) | 1723 | Автор: Нурганым Имашева

Ресейдің Медынь қаласында бір аптаға созылған әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионаты аяқталды. 31 елдің спортшылары бақ сынаған сайыста 95 келі салмақта маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Айболат Мұратұлы жеңіске жетіп, күміс медальды иеленді.

 

 

Жерлесіміз қарсыластары судандық, әзірбайжандық спортшыларды айқын басымдылықпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Жартылай финальда өзбекстандық балуаннан басым түсіп, ақтық сында ресейлік қарсыласына 3:2 есебімен есесін жіберді. Осылайша, дүбірлі додада күміс медальдың иесі атанды.

 

-Жарыс 13-20 қараша аралығында Медынь қаласында өтті. Менің салмағымда 17 балуан күресті. Алтыннан алқа тағуға бір қадам жетпей қалды. Бұл жолы бұйырғаны күміс медаль болып тұр.

 

 

 Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қайрат Дәлбековке, облыстық спорт басқармасына, белгілі бапкер, спорт жанашыры Манарбек Бисекеновке алғыс айтамын,-дейді Айболат Мұратұлы.

 

Айболат бұған дейін әскери самбодан екі дүркін ҚР чемпионы және Азия чемпионы атанды. Әмбебап жекпе-жектен үш дүркін ҚР чемпионы атағын иеленіп, екі дүркін Азия және Әлем чемпионы атағын абыроймен қорғаған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему