Ақтаулық прокурорлар студенттермен кездесті
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 07:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық прокурорлар студенттермен кездесті

10 Февраля 2015 (15:34) | 2478 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Қалалық прокуратура қызметкерлері дүйсенбі күні Маңғыстау туризм колледжінің және бүгін сейсенбіде Маңғыстау политехникалық колледжінің оқытушылары және студент жастарымен кездесіп, ұсақ құқықбұзушылыққа нөлдік төзбеушілік қағидасы туралы түсінік берді.

     

Шараны ұйымдастырған қала прокурорының көмекшілері Аманжол Айтуғанов, Айнұр Жөнелбек және Есенғали Базарбаев студенттерге ұсақ құқықбұзушылыққа қандай заң бұзушылықтар жататыны және олар үшін заңмен көзделген жауапкершіліктер жайлы, олардың кейбірінің 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық Кодекстің талаптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық түріне ауыстырылғаны жөнінде егжей-тегжейлі баяндады.

 

Кездесу ашық диалог түрінде өтті. Ұстаздар қауымы тарапынан студенттердің себепсіз сабаққа қатыспауына байланысты заңмен көзделген жауапкершіліктер туралы сауалдар қойылып, прокурорлар оларға тұшымды жауаптар берді.

 

Ұсақ құқықбұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік қағидасын қоғамда қалыптастыру бағытында Ақтау қалалық прокуратурасы тарапынан ұйыдастырылған шаралар туралы әңгімелеген прокурор Аманжол Айтуғанов «Қазақстан-Ақтау» телеарнасымен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қалада тұрғын үй алдында көлік жуу мәселесі жойылғаны жайлы мысал келтірді.

 

Қалалық прокуратура қызметкерінің мәлімдеуінше, 2014 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Ақтауда 40774 ұсақ құқық бұзушылық тіркелген. Бұл, әрине, өте көп сан.

 

Қала прокурорының көмекшісі Айнұр Жөнелбек суденттерге арнаған сөзінде: «Біздің негізгі мақсатымыз-сіздерді жауапкершілікпен қорқыту емес, қайта олар туралы түсіндіру.

 

2014 жылы Ақтауда 30 жасөспірім тарапынан ұсақ құқық бұзушылық жасалған. Сол заң бұзушылықтардың 80%-ы ұрлық және төбелестер. Бұрын олар Әкімшілік Кодекс бойынша ұсақ құқықбұзушылық болып саналса, қазіргі таңда жаңадан қолданысқа енгізілген Қылмыстық Кодекс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың қатарына енгізілген.

 

 

Ұсақ құқық бұзушылықтарға қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, шылым шегу, төбелес шығаруы жатады және Ақтау жастары арасында үй жанында ішімдік ішіп отыру фактілері жиі орын алатыны анықталуда»,-деген мәліметтермен бөлісті.

 

Жастармен кездесуге қатысқан Ақтау қалалық ІІБ жасөспірімдермен жұмыс бөлімінің инспекторы полиция капитаны Н.Рахаев өз тәжірибесінде кездескен жастар арасындағы құқық бұзушылық фактілеріне тоқталып өтті.

 

Студенттерге қоғамдық тәртіп бұзған жасөспірімдердің істері сотта қаралатыны, олар үшін ата-аналары заң алдында жауапкершілікке тартылатыны туралы айта келіп, заң талаптары бойынша көзделген 7 ЕАК түріндегі айыппұлдар мөлшері немесе 10 тәуліктік қамауға алу жазалары жөнінде түсіндірді.

 

Прокурорлармен кездесу туралы өз әсерлерімен бөліскен Маңғыстау туризм колледжінің ІІ курс студенті Софиев Салих:«Бәрі де ұсақ құқық бұзушылықтардан басталып, біртіндеп ірі көлемдегі қылмыстарға ұласуы мүмкін. Сондықтан нөлдік төзбеушілікті әркім өзінен бастағаны дұрыс деп санаймын. Көшедегі тазалықты сақтауға әрқайсымыз атсалыссақ, келешекте Ақтау қаламыз біздің мақтанышымызға айналары сөзсіз»,-десе, Сәулеш Ермұхаметова есімді ІІ курс студенті: «Бүгінгі кездесуден құқық бұзушылықтар мен олардың жауапкершіліктері туралы мол мағұлматтар алдық. Осындай студент жастарға арналған кездесулердің жиі өткізілгені жақсы болар еді. Жастар арасында құқық бұзушылықтар, тәртіпсіздіктердің азаюына мұндай басқосулардың тигізер пайдасы зор деп ойлаймын»,-деген өз пікірін білдірді.

 

Маңғыстау политехникалық коллежінде өткен кездесуде студенттер мен оқытушылар прокуратура қызметкерлеріне қоғамдағы тәртіпсіздіктер, ішікі істер басқармасының қызметкерлері тарапынан болған заңсыздық әрекеттер туралы өздерін толғандырған көптеген сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды.

 

Прокурорлар заңның барлық азаматтарға бірдей екенін түсіндіріп, қоғамдағы тәртіп бұзу фактілері анықталған жағдайда қалай әрекет ету керектігі жөнінде түсіндірді.

 

Политехникалық колледждің ІІ курс студенті Құдайбергенов Ерлан: «Осындай кездесулердің біз үшін маңызы зор. Өзімізге пайдалы көп мағұлматтар алдық. Қоғамның әрбір мүшесі нөлдік төзбеушілікті өзінен бастағаны жөн деп санаймын. Сонда ғана біздің қоғамда тәртіп орнап, құқық бұзушылықтар болмас еді»,-дегенпікірін білдірді.

 

Кездесу соңында Маңғыстау политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қадірбек Тәтішұлы Абдуллаев шараны ұйымдастырған Ақтау қалалық прокуратура қызметкерлеріне алғысын білдіре отырып, студенттерге ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік қағидасының жүзеге асуына әрбір адам атсалысып, үлесін қосуға міндетті екенін айтып, ұсақ құқық бұзушылықтарға барған жастар өз ата-анасының жұмыс орнында ұятқа қалып, айыппұл төлеп, жауапкершілікке тартылудан зардап шегуіне себепші болатынын баса ескертті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему