Ақтаудағы жағалауға «Бекіре» кіші архитектуралық нысаны орнатылды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 21:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы жағалауға «Бекіре» кіші архитектуралық нысаны орнатылды

7 Февраля 2022 (15:39) | 2385 | Автор: Редакция

Жұмыс демеушілік қаражат есебінен ЖК «MasterMind» командасының күшімен орындалды. Нысанның ұзындығы 13, биіктігі 1,9 метрді құрайды. Бекіренің негізі жақтауы металлдан, сыртқы бөлігі өз технологиясына сәйкес арматураланған шыны матаны қолдана отырып жасалған. Дизайн полиэфир шайырымен қорғалған, көркем кескіндеме майлы бояумен жасалынған және арнайы лакпен қорғалған.

Айта кетейік, 20 ғасырдың бірінші жартысында Каспий аумағын бұл балық түрінің дүниежүзіндегі жалпы көлемінің 80%-дан астамы мекендеген. Қазір бұл түр шектен тыс өнеркәсіптік аулау салдарынан жойылу алдында тұр. 2001 жылы Каспий алабындағы төрт ел Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Түркіменстан бекіре тұқымдас балықтарды аулауға уақытша мораторий қабылдады. Мораторий Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынымымен жойылу қаупі төнген түрлердің халықаралық саудасы туралы Конвенция негізінде енгізілген.

Көпқырлы мүсін нақышында жасалған және көркем кескіндемемен безендірілген бұл инсталляция - бірегей жануарлар әлемімізге қамқорлықпен қараудың маңыздылығының нышаны ретінде орнатылды.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему