Жолдау – жұмысты ширата түсті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 03:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жолдау – жұмысты ширата түсті

27 Октября 2018 (10:03) | 2155 | Автор: Нруганым Имашева

Биыл жұмыс бағытын жаңаша қарқынмен бастаған еліміздің сот корпусы тағы бір жылды еңсеруге таяп қалды.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев судьяның ары мен жанының таза болуы керектігін, сот жүйесінің халық алдындағы абыройы мен беделі, жұмысының сапасы мен деңгейі судьяның біліктілігіне, парасат-пайымына тікелей байланысты екенін ұдайы айтып келеді. Ол бұл мәселені судьялардың съездерінде, жыл сайынғы жолдаулары мен өзге де реформаларында назардан тыс қалдырған емес. Мемлекет басшысы сот жүйесін жөндеу үшін ондағы адам факторына, судьяның рөлі мен қызметіне жете мән беріп, жауапкершілігін де, мәртебесін де көтеру туралы жиі айтуда.

 

Елбасы кеше ғана жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сот жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесіне ерекше ден қойып, соңғы жылдары көп жұмыс атқарылғанына қарамай, соттарға деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ету өз шешімін таппай отырғанын сынады. Бұл орайда нақты тапсырмалар да берді.

 

-Біріншіден, сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастырған жөн. Екіншіден, сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмтылатындай жағдай жасау керек. Үшіншіден, әсіресе бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керек, сондай-ақ судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет, - деді мемлекет басшысы Н.Назарбаев Жолдауда.

 

 

Шынында да қоғамда даудың артуына байланысты соттарда уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері көбейді. Елбасы айтқандай, жыл сайын 4 миллион азаматымыз  сотта қаралатын іске қатысады. Бұл жағдайда сот қызметі, судьялар туралы 4 миллион пікірдің қалыптасатыны да сөзсіз. Ендігі жерде нақты тапсырма бойынша Жоғарғы сот Үкіметпен бірлесіп, жыл соңына дейін тиісті шаралар кешенін әзірлеуге кірісіп кетті. Ал, судьялар мен сот қызметкерлері қай кезде де айтылған сыннан нәтиже шығаруға тырысуда.

 

Жыл басынан бері қойылған міндеттер, жоспарлар мен тапсырмалар орындалып, ендігі жерде сарапқа салынуда. Ашықтық пен жариялылық, қолжетімділік пен қарапайымдылық сипатта қызмет көрсетуге бет бұрған сот жүйесі соңғы кезде электронды технологияларды тиімді қолдана бастады.

 

Істер саны артып, жұмыс жүктемесі жоғарылағанымен, электронды сервистер мен жаңа жобалардың арқасында жұмыс тиянақты атқарылуда. Барлық дерлік істер ашық қаралып, сот билігінің саясаты қоғам назарында жүзеге асуда.

 

Судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысын жақсартуға, кемшілігін жоюға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Яғни, жұмыс бағыты Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Қажыманұлы Асановтың ұсынған «Сот жүйесінің даму әлеуетінің 7 түйіні» бойынша жүргізілуде. Жеті түйін – жеті басым бағыт жұмыс ауқымының барлық саласын қамтып, бүгінгі әрекеттерді сараптап, болашаққа нақты да айқын жоспарларды бекітті.

 

Дамудың басым бағытына айналып отырған 7 түйін өз кезегінде мінсіз судья, үлгілі сот, әділ процесс, Е-сот, оңтайлы орта, сапалы нәтиже, сотсыз татуласу орталығы деп аталатын бағдарламаларды бекітті. Әрбір идеологиясы Рухани жаңғыру, Ұлт жоспары, Цифрлық Қазақстан, Стратегия - 2025, 2050 және ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жөніндегі Елбасының тапсырмасы негізінде құрылды.

 

Адам құқығы, бизнесті қорғау, инвестициялық климат, азаматтарымыздың әл-ауқаты, мемлекетіміздің гүлденуі – мұның барлығы бүкіл сот жүйесіне, әрбір судьяға жүктелген міндет болғандықтан, ең бірінші кезекте «Үлгілі сот» пен «Мінсіз судья» келбетін қалыптастыру міндеті тұр.

 

Заман талабына сай сот ғимараты, сот процесін ұйымдастыру, сот актісін әзірлеу, адамдармен сөйлескенде мәдениетті сақтау, сот ғимаратындағы  азаматтарға  жасалған жағдай – барлығы да мінсіз болуы керек.

-Сапалы сот актісі, шағымға берген жауабыңыз, сөйлесу мәдениетіңіз арқылы Сіз халықтың құрметіне ие боласыз,- деді Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов.

 

Жоғарғы Сот Кеңесі басшылығының белсенді позициясының арқасында жақында судьяларды іріктеудің озық үлгілері енгізілмек. Жас судьялардың да, қызметтегі судьялардың да кәсіби, іскерлік, жеке қасиеттерін шыңдауға жағдай жасалмақ. Осылайша халық сеніміне ие болу туралы ортақ мақсат қойылып отыр. 

 

Гүлфайруз Қойбағарова, Ақтау қалалық сотының судьясы

 

Суреттер «Айқын», «Егемен Қазақстан» газеттерінің сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему