Маңғыстау облысында қысқы мал азығын қамтамасыз етуге 27 мың тонна шөп қажет
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 03:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында қысқы мал азығын қамтамасыз етуге 27 мың тонна шөп қажет

30 Сентября 2021 (13:57) | 1399 | Автор: Редакция

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айсағали Нұғманов мәлім етті.

 

Биыл Маңғыстау облысына барлығы 77 мың тонна шөп алып келу жоспарға алынған. Қазіргі таңда соның 65%-ы, яғни 50 100 тонна шөп тасымалданды.

Брифингіде өңірдегі қысқы мал азығын толықтай қамтамасыз ету үшін барлығы 27 мың тоннадай шөп қажеттігі айтылды.

«Облыстағы қыс мезгіліне қажет 27 мың тонна шөптің 19 мың тоннасы өзге облыстардан және  8 000 тоннасын жергілікті жерден шабылады деп жоспарлануда.  19 мың тоннаны сатып алуға 1,4 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда соның 1,1 млрд теңгесі беріліп 15 000 мың тонна шөп алып келу үшін операторлар  тағайындалды», - деді Айсағали Нұғманов.

 Жоспар бойынша өңірімізде биылғы жылы 53 мың тонна жем келуі тиіс. Бүгінгі таңда оның тек 55%-ы, яғни  29 300 тонна ғана берілген. Қазіргі уақытта шаруаларды жем-шөппен қамтамасыз етіп, мал азығы тапшылығын жою мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему