Өнер – тәрбие құралы
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 03:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өнер – тәрбие құралы

7 Февраля 2018 (12:18) | 1972 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда өткен концертке барған кезімізде М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Таңатарұлы Базарбаевпен жолығып, биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісуін сұраған болатынбыз. Аймақтың үлкен өнер шаңырағының алға қойған мақсаттары туралы оқырман қауымды хабардар етуді жөн көрдік.

 

 

ӨНЕР ОРДАСЫН ТАНЫТУ

-2018 жылға біздің өнер ұжымы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына арнап өзіміздің жылдық жоспарымызды құрып отырмыз. Өзімнің алға қойған мақсатым  - бізде облыстық филармония құрамында 5 өнер ұжымы бар, солардың барлығы әр айдың 20-сы мен 30- ы аралығында өз концерттерін беріп отырады филармония залында. Ал айдың 1-і мен 20-сы аралығында өнер ұжымдары өңірдегі кісіпорындарға барып өнер көрсететін болады.

 

Оның себебі – кейбір адамдар біздің облысымыздағы жалғыз кәсіби өнер ұжымы – Маңғыстау облыстық филармониясы бар екенінен хабарсыз, кейбірі менен сұрайды: «Асқар Көшеров сізде филармонияның  әншісі ме?» деп, ия болмаса «Жоламан Көшкінов те сізде филармонияда жұмыс істей ме?» дейтіндер  де бар. Яғни, облыстық филармонияның қай жерде екенін, біздің әнші-әртістеріміздің филармонияда жұмыс істейтінін көп адамдар білмейді.

 

Қазіргі заманның талабына сай, электрондық жүйеде жұмыс істеп жатыр елімізде бәрі, Елбасының да тапсырмасы бар ғой, электрондық жүйеге көбірек көңіл аудару  туралы, сондықтан біз «Фейсбук», «Инстаграмм» және «Ватсап» сияқты әлеуметтік жүйелер бар, солар арқылы мен өз қызметкерлеріме ең алдымен Маңғыстау облыстық филармониясының әнші-әртістерін халыққа таныстыру керек деп тапсырамын.

 

 

Біздің мақсатымыз – ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, жастарды өнерді қадірлеуге үйрету, тәрбиелеу. Халықты бііздің симфониялық оркестрмен және камералық ансамбльмен таныстырып, олардағы аспаптарды танытып, арасында ауылдарға да барып, жағдайы келетін клубтары бар елді мекендерде өнерімізді көрсету жағын қолға алудамыз,-деп мәлімдеген М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Таңатарұлы Базарбаев өнер ордасының биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

 

Басшының айтуынша. «7 қаңтарда камералық ансамбль «Рождество» мейрамына орай өнер көрсетсе, 25 қаңтарда «Күй атасы - Құрманғазы» деп аталатын концертті өткізіп, 31 қаңтарда «Ақжарма» фольклорлық ансамблі Ақтау тұрғындарына арнап өз концерттік бағдарламасын ұсынды. Қаңтар айында, сонымен қатар біздің облыстық филармония ұжымы шалғайдағы Бейнеу ауданына және Боранқұл ауылына  барып өнер көрсетті. Облыстық филармонияда жұмыс істейтін әншілеріміз Асқар және Асанәлі Көшеровтердің «Отаным менің» деп аталатын концерттік бағдарламасын көрерменнің назарына ұсынды. Одан кейін 23 қаңтарда Жаңаөзен қаласына барып, осы концертті қойдық. Сөйтіп, жыл бойына біздің үлкен өнер ұжымы облыстың барлық аудан, ауылдарын аралап, өнерсүйер қауымды қуанышқа бөлеуді жоспарлап отыр. Ондағы біздің мақсатымыз – халыққа қызмет ету. Жалпы, алға қойған жоспарларымыз көп».

 

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕУ

Бекбол Таңатарұлы әңгімесін одан әрі сабақтай түсіп:

 

Әнші Жоламан  Көшкіновтың шығармашылық кешін бермекпіз, сосын әр сайын әрбір өнер ұжымының концертін халыққа ұсынып отырамыз, жаңа ғана айтқанымдай.

 

Көршілес орналасқан Ресей мемлекетімен достық қарым-қатынасымызды нығайту мақсатында біз биылғы жылы сәуірдің 10-ы мен 20-сы аралығында Астрахань, Орынбор, Атырау, Оралды аралап, Ресейде тұрып жатқан Қазақ қоғамдастықтары бар, ондағы тұрып жатқан өзіміздің ағайындарға барып, өз өнерімізді көрсетіп қайтпақшымыз.

 

 

Бізге ҚР Мәдениет Министрлігінен келіп түскен мәлімет бойынша Құрманғазы бабамыздың туғанына 200 жыл делінсе, Астраханьнан келген ақпарға сай 195 жыл делінеді, ол енді қанша жыл болса да біз ұлы күйшінің өнерін дәріптеуден жалықпаймыз. Сол себепті тамыз айында Астраханьға арнайы сапармен Құрманғазы жерленген Алтынжар елді мекеніне барып, қандастарымызға өз өнерімізді көрсететін боламыз. Қазір сол жөнінде көрші елмен келісіп жатырмыз,-деді.

 

Облыстық филармония директорының мәлімдеуінше, «Биылғы 2018 жылға арналған бар жоспар - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өнер көрсету және Астананың 20 жылдығына орай, Елордаға барып, түрлі концерттік кештерді өткізу жоспарда бар. Тағы бір айта кететіні – біздің жыршылар өнері соңғы кезде кеңінен насихатталмай жүр. Концерттерде жырларды қойсақ та, оларға 3-5 минуттан аспауы керек деп шектеу қоямыз. Сондықтан жыр өнері дұрыс насихатталмай жатыр. Сол себептен мен өзімнің жоспарым – біздің филармония залының фойесінде қазақтың киіз үйін жасақтап, сол жерде сахна жасап, қазақтың кілемін, көрпе-төсегін төсеп, жыршыларды тыңдау мүмкіндігін ұсынғымыз келеді халыққа.

 

 Қазір Жеткізген Сейітов дайындалуда. Қасына жыршы-термешілерді отырғызып қойып, халықты ұлттық өнерге сусындатқымыз келеді. Сөйтіп, дастархан басында отырып, шұбаты мен бауырсағын қойып, 3-4 сағат бойы жыр тыңдатуды ұйымдастыруды қолға аламыз деп отырмыз. Өзіміз бала кезімізден осындай өнермен сусындап өстік, ол халқымыздың байырғы салты болған. Сондықтан халыққа осындай өнерімізді дәріптеу арқылы, рухани жаңғыруға бастағымыз келеді. Менің ойымша, халыққа бір жырды басынан аяғына дейін тыңдатуымыз керек».

 

Бекбол Таңатарұлының тағы бір жоспары – бірнеше бөлімнен тұратын Маңғыстаудың күйлерін тыңдата отырып, оркестрдің өнер көрсетуі кезінде театрландырылған көріністі көрсетіп, күйлердің тарихын, мазмұнын түсіндіруді қолға алсақ деген ойы бар. Ол жоспарды жүзеге асыру үшін қаржы керек, әрине, соны қазір сұрастырып жатқан жайы бар үлкен өнер ұжымының. Қазірдің өзінде Мысыр және т.б. шетелдерден келген шақыруларға да қаражат керек. Шетелдермен өнер алмасу жайында қойылған сауалға басшы Мәскеуден оркестрдің көркемдік жетекшісі, дирижері немесе атақты әншілердің кейбірін шақыртып, біздің өнерпаздарға шеберлік сағатын ұйымдастыру жағын да ойластыруда екенін атап өтті.

 

Cуреттерді  түсірген Маңғыстау облыстық филармониясының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему