Өзін-өзі атып өлтірген полицей ісі тергелуде
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өзін-өзі атып өлтірген полицей ісі тергелуде

21 Декабря 2015 (16:43) | 1433 | Автор: Мира Ботабекова

 

Өзін-өзі атқан полицей қыздың өліміне қатысты кешенді сот-дәрігерлік сараптамасы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева хабарлады.

 

Қайғылы оқиға жексенбі, яғни 20 желтоқсан күні Ақтау қалалық әкімдігінде болған. Өзіне бөлінген қызметтік қарудан оқ атқан күзетші – полиция лейтенанты, 1983 жылы туған әйел оқиға орнында қаза тапты. Оның денесі Ақтау қалалық әкімдігінің 3-қабаттағы әйелдерге арналған әжетханасынан табылған. 19 желтоқсан күні кешкі сағат 18.00 жұмысқа түскен 32 жастағы күзетші таңертең сағат 9-да кезекшілікті тапсыруы тиіс болған.

 

Күзет қызметкерінің өзіне қол жұмсауына не түрткі болғандығы әзірге белгісіз. Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, марқұм қатерлі ісікке шалдыққан. Сондықтан да оның бұл өмірмен қоштасуына жанынан батқан ауыр дерті себеп болуы мүмкін, деген болжам айтылуда. «Оқыс оқиғаның нақты себебі сот-дәрігерлік сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады»,-деді ішкі істер департаментіндегілер.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему