Маңғыстау облысында 231 сайлау учаскесі жұмыс істейді
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 11:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында 231 сайлау учаскесі жұмыс істейді

8 Января 2021 (13:42) | 2367 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында сайлау жұмыстарын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ететін 1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық, барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиясы бар. Бұл туралы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті.

 

 

«Сонымен қатар, Ақтау қаласы бойынша 78, Жаңаөзен қаласы бойынша 37, Бейнеу ауданы бойынша 28, Қарақия ауданы бойынша 16, Маңғыстау ауданы бойынша 22, Мұнайлы ауданы бойынша 36, Түпқараған ауданы бойынша 14, барлығы 231 сайлау учаскесі бар. Бұл учаскелердің жұмыстарын жүргізу үшін 1625 комиссия мүшесі тартылған», - деді Асқар Рзаханов.

 

Жыл басынан Ақтау қаласында жаңадан ашылған шағын аудандарға қоныс аударушылардың саны артты. Сәйкесінше, сайлаушылар саны өсіп, жаңа 4 сайлау учаскесі ашылды. Жаңаөзен қаласы бойынша сайлаушылардың саны шектік деңгейге жетті. Нәтижесінде Қызылсай және Рахат ауылдарында қосымша 2 сайлау учаскесі құрылды. Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінде сайлаушылар санының артуына байланысты 1 сайлау учаскесі, Түпқараған ауданы Сайын-Шапағатов ауылдық округі халқының саны 3000-нан асып кетуіне байланысты қосымша 1 сайлау учаскесі ашылды. Барлығы 8 жаңа сайлау учаскесі құрылды.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему