Шет елдерге қандай сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетуге болады?
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 08:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шет елдерге қандай сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетуге болады?

20 Июля 2023 (14:07) | 3999 | Автор: Максат Акмуратов

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жататынын хабарлайды.

Алайда, елдің ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығы қолданыста. Онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, «Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі №124 шешіміне сәйкес, 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер, аталған тұлғалармен бірге жүретін тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларацияда көрсетіледі.

Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне (оның ішінде 16 жасқа толмаған балалар да бар) 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма-қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему