Бүлдіршіндерді суға шомылу ережелеріне үйретті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бүлдіршіндерді суға шомылу ережелеріне үйретті

19 Июля 2017 (14:57) | 4518 | Автор: Нурганым Имашева

Суға шомылу кезеңінде  су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және адамдардың қаза болуына, соның ішінде суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында судағы қауіпсіздік профилактикалық іс шаралары аймақта үздіксіз жүргізілуде. Балалардың қаза болуының негізгі себебі, ТЖ саласы мамандарының айтуынша, ата-ананың немесе үлкендердің қарауынсыз су  айдындары маңында болуы және су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде шомылу болып табылады.

 

 

Жуырда Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Құрық жедел құтқару жасағымен бірлесе отырып, ауданның «Құлыншақ» балабақшасындағы бүлдіршіндеріне жазғы суға шомылу маусымында балалардың арасында шомылу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында арнайы сақтандыру шарасын ұйымдастырды.

 

 

-Құтқарушылар балақайларға судағы қауіпсіздік ережелері, сақтық және бастапқы іс-әрекеттер туралы түсіндірді. Сондай-ақ балабақшаның хауызына балаларды түсіріп,  суда жүзу тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті.

 

 

Сонымен қатар іс-шараның барысында балғындар үшін суда құтқару техникалары және құрал жабдықтары туралы  көрініс ұйымдастырылды.  Аталған іс-шара суға шомылу маусымында жыл сайын өткізілуде және осындай шараладың негізінде өсіп келе жатқан балаларымыздың қауіпсіздік мәдениеті қалыптасуына әсер етеді.  

 

 

Жоғарда аталған  іс-шараның жалғасын шілде айында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша апталық акциясы барысында мектеп жанында ашылған жызғы сауықтыру лагері және Маңғыстау облыстық санаторлық мектеп-интернатындағы жазғы демалысын өткізіп жатқан балаларға теңіз жағажайында  ұйымдастырылу көзделіп отыр,- деп мәлімдеді Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры   Қ.Бесимбаев

 

                             

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему