Ақтаулық прокурорлар қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 04:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық прокурорлар қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

7 Декабря 2014 (04:54) | 2374 | Автор: Нурганым Имашева

 

Еліміз бойынша 6-желтоқсанда атап өтілетін прокуратура қызметкерлерінің күні қарсаңында Ақтау қалалық прокуратурасының мамандары «Маңғыстау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде» және 14 шағынауданда орналасқан Маңғыстау облысының «Мамандандырылған балалар үйінде» болып, қариялар мен бөбектерге арнайы дайындап әкелген сый-сияпаттарын жасады.

 

«Маңғыстау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде» болған кезде Ақтау қаласының прокуроры Талғат Айтбайұлы Әлібаев: «Прокуратура қызметкерлері әрқашан қарияларға қамқор болып, сіздердің заңды құқықтарыңыздың қорғалуын қадағалайды. Біз сіздердің елдің өркендеуі жолында атқарған ұзақ жылғы еңбектеріңізді бағалаймыз. Әр уақытта сіздерге көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, қолымыздан келгенінше көмектесуді өзіміздің міндетіміз деп білеміз. Ардагер-қариялар, денсаулықтарыңыз мықты болып, ауырмаңыздар.

 

 

Бүгін сіздерге арнаған қалалық прокуратура қызметкерлерінің сыйлықтарын алып келіп отырмыз. Сіздердің көңіл-күйлеріңіздің көтеріңкі, жүздеріңіздің жадыраған күйде болуын қалаймыз. Ардагер-қарияларды құрметтеу-баршамыздың парызымыз. Сіздердің ел игілігі үшін атқарған ерен еңбектеріңіз-еліміздің келешегі жастар үшін үлкен үлгі-өнеге. Қоғамда заңдылық пен тәртіп сақталса, еліміздің еңсесі биік, мәртебесі жоғары болады. Қазақстан Республикасы дамып, гүлдене берсін»,-деді.

 

«Маңғыстау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің» директоры Күләш Қалиева: «Сіздер әрдайым біздердің құқығымызды қорғап жүресіздер. Әруақытта қарияларымызға құрмет көрсетіп, қамқорлық жасап жатасыздар. Оған біз өте ризамыз. Бүгінгі сый-сыяпатыңызға да көп рахмет. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!»-деді прокуратура қызметкерлеріне ризашылық білдіре отырып.

 

 

Өздеріне жасалған қамқорлыққа риза болған қариялар да «Өркендерің өссін. Бізді сыйлап, құрмет көрсеткендерің үшін рахмет. Қызметтеріңізде үлкен абырой мен беделге ие болып, отбасыларыңыз аман болсын!»-деп прокурорларға алғыстарын білдірді.

 

Мұнан соң қалалық прокуратура қызметкерлері 14 шағынауданда орналасқан Маңғыстау облысының «Мамандандырылған балалар үйіне» атбасын тіреп, сәбилерді қуантты. Заң сақшылары бөбектерге арнап түрлі ойыншықтар, гигиеналық бұйымдар және қыз балаларға арналған әдемі көйлектерді сыйға тартты.

 

Қала прокуроры Талғат Айтбайұлы Әлібаев: «Желтоқсан айы мерекеге толы. Күні кеше Тұңғыш Президент күнін атап өттік, енді міне өзіміздің кәсіби мерекемізді тойлағалы отырмыз, жақын күндері Тәуелсіздік мейрамын атап өтеміз. Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында сәбилерге арнаған азын-аулақ сыйлықтарымызды ала келдік.

 

 

Қалалық прокуратура қызметкерлерінің жеке қаражатына алынған сыйлықтармыз бөбектерге арналған. Біз сіздің ұжымыңызды ешқашан ұмытпаймыз. Әрдайым мерекелерде-Балалар күнінде, Жаңа Жылда, әртүрлі атаулы күндерде бүлдіршіндерді қуантып, қамқор болып жүреміз. Өйткені осы сәбилер- ертеңгі күні еліміздің тізгінін ұстар келешегі. Қазіргі таңда елімізде балалардың құқығын қорғау жөнінен біршама заңдар қабылданып жатыр. Сәбилеріміздің дендері сау болып, үлкен азамат болып өссін»,-деген ізгі тілегін арнады.

 

Маңғыстау облысының «Мамандандырылған балалар үйінің» бас дәрігері Жұбантурлиева Светлана Баубекқызы: «Жылда әрбір мерекеде қалалық прокуратура қызметкерлері біздің сәбилерімізді ұмытпай қамқорлық көрсетіп жатасыздар. Біз бұған дән ризамыз. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!»-деген жүрекжарды ризашылығын білдірді.

 

«Алғыспен-ер көгерер» қегендей қалалық прокуратура қызметкерлерінің қарттар мен сәбилерге қуаныш сыйлап, қамқорлық танытуы, әрине, құптарлық жайт, көпке үлгі боларлық іс. Қамкөңіл жандарға көңіл бөліп, жан жылуын сыйлаған прокурорлардың заң талаптарын бұзғандарға қаталдық танытқанымен, қамқорлыққа зәру жандарға келгенде жүректері жұмсақ, әрдайым қайырымды болуға даяр екені көңілге қонымды.

 

Ендеше, кәсіби мерекелеріңіз-прокуратура қызметкерлерінің күні құтты болсын, құрметті тәртіп сақшылары! Ел игілігі үшін атқарған адал қызметтеріңіз лайықты бағасын алып, әрдайым биіктен көріне берңіздер!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему