Маңғыстау облыстық соты марапатталды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 08:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты марапатталды

12 Декабря 2017 (20:42) | 2018 | Автор: Нурганым Имашева

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен  марапаттау рәсімі өтті.

 

 

Іс-шара барысында бірнеше бағыт бойынша өткізілген түрлі байқаулардың жеңімпаздары анықталды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері де марапаттан тыс қалмады.

 

 

Соның ішінде мемлекеттік мекемелер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі жұмыстарды үздік ұйымдастыру байқауында Маңғыстау облыстық соты II орынға ие болып, департамент басшысының дипломымен марапатталды.

 

 

-Маңғыстау облыстық сотының Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі ҚР жоғарғы Сотының нұсқаулығына сәйкес, сапалы әрі белсенді қызмет атқарып келеді,-делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.

 

 

Суретті түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему