Дауды сотқа дейін жеткізбеген абзал
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 08:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дауды сотқа дейін жеткізбеген абзал

14 Марта 2017 (20:32) | 2525 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Бейнеу ауданы «Мұғалімдер үйінде» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқылау бойынша жиын өтті.

 

Аталған іс-шара Маңғыстау облыстық соты, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Коғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

 

Семинарға Маңғыстау облыстық сотының судьялары Ш.Есбағанбетов, Г.Иманғалиева, «Коғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі С.Саталиева, Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеев, Р.Мұқашева, А.Айлашов сияқты кәсіби медиаторлар, денсаулық және білім бөлімдерінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

 

Іс-шараны Бейнеу аудандық сотының төрағасы И.Досетов ашты. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Коғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі С.Саталиева, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Иманғалиева жалпы татуласу рәсімдер институты, соның ішінде медиация туралы түсіндіріп, бірігіп іске асырылу барысындағы шараларды атап өтті. Судья Ш.Есбағанбетов азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша пилоттық жобаның өзектілігін түсіндірді. Сондай-ақ, ол аталған жоба татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталғандығын атап өтті.

 

Семинарға арнайы шақырылған Жаңаөзен қаласының тұрғыны Р.Мұқашева өзінің кәсіби медиаторлыққа келген жолын, неке бұзу туралы істер және тұрмыстық қарым-қатынастан туындайтын жанжалдар бойынша әкімшілік іс қозғаудан бұрын медиация рәсімін жүргізіп келе жатқанын баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Семинарда сөз алған аудан әкімінің орынбасары медиацияның қазақ халқына жат еместігіне тоқталып, үйдегі қазыналы қарттарымыздың барлығы біле білсек медиатор екендігіне тоқталды. Сондықтан, ол дауды сотқа дейін реттеудің маңыздылығына мән беруге шақырды.

 

Шараға белсенді қатысқан аудан тұрғындары пилоттық жобаға қолдау білдіріп, осындай шараны өткізген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему