Жол ортасындағы газ құбыры айдың соңына дейін алынады
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 12:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жол ортасындағы газ құбыры айдың соңына дейін алынады

28 Сентября 2020 (12:24) | 2550 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы біздің басылымға «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Маңғыстау облысының Аташ ауылында салынып жатқан көлік жолына қатысты даулы сұраққа нүкте қойылды. Көше ортасындағы газ құбыры ай соңына дейін жер астына көмілетін болды.

 

Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» қызметкерлеріне жергілікті билік өкілдері осылай деп мәлімдеді.

 

Елімізде жолдардың сапасын бақылайтын мемлекеттік кәсіпорын филиалы Маңғыстау облысы әкімдігімен әріптестік келісімшартта отыр. Осыған сәйкес шалғай өңірде автомобиль жолдарына қатысты туындаған кез-келген мәселеге араласуға мүдделі.

 

 

Есіңізге сала кетсек, 23 қыркүйек күні Түпқараған ауданы Аташ елді мекенінің Б.Ақсамбаев көшесіне асфальт төсеу кезінде газ құбыры жол ортасында қалып қояды. Оны көрген ауыл тұрғындары әлеуметтік желілерге жариялап, шу шығарған еді.

 

Мәселенің мән-жайына үңілсек: әлгі жолды жобалаған серіктестік көше бойында төмен қысымды газ құбыры тұрғанын ұмытқан. Оның орнын ауыстыру туралы ауылды газбен жабдықтаушы мекемеге техникалық талаптарды да жібермеген.

 

Жол салып келе жатқан мердігер мекеме қызметкерлері құбырды айналып өтпей, үстінен асфальт төсеп тастайды. Сол күні құрылыс басында учаске бастығы да болмапты.

 

 

-Қыркүйек біткенше газ құбыры жол астына жіберілетін болды. Сосын мердігер мекеме өз қаржысына көшенің осы бөлігіне қайтадан асфальт төсейді.

 

Жол сапасын бақылаушылар Түпқараған аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және техникалық бақылау мекемесінің қызметкерлерін өз жұмысына жауапты болуға шақырды.

 

Таяу күндері әлгі көше жолынан сынамалар алынып, сапасы Ақтауда зертханада тексеріледі,- деп мәлімдейді осы ақпаратпен бөліскен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметі.

 

Сурет баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему