Газ жетіспеушілігі қайталануы мүмкін
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Газ жетіспеушілігі қайталануы мүмкін

19 Февраля 2017 (10:25) | 1984 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Биыл Маңғыстау облысында көліктерге тағы да газ жетпей қалуы мүмкін. «Ақтауда тұрғындармен жүздескен аймақ басшысы Алик Айдарбаев осылай деді»,-деп жазады «Хабар24».

 

Маңғыстауда көгілдір отын литрі 35 теңгеден басталады. Бұл – көршілес аймақтарға тасымалдаушылар үшін табыс көзі. Сәйкесінше, ішкі сұраныс толық қамтылмайды. Жаңаөзендегі газ өңдеу мекемесіне күрделі жөндеу қажеттігі көпке мәлім. Былтыр «Шағырлы-Шөмішті» кенішінің іске қосылуымен көпшіліктің қуанғаны рас.

 

Алайда сұйытылған газ негізінен минералды тыңайтқыштар шығаратын «ҚазАзот» зауытына жеткізіледі. Демек өзекті сауал күн тәртібінде қала бермек.

 

Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Газ тапшылығы қайталануы мүмкін. Мен оған кепілдік бере алмаймын. Мен бұл мәселені бірнеше рет Үкіметке айтып келе жатырмын. Газдың бағасы барлық жерде бірдей болуы керек. Мысалы, бензин мен дизель отыны секілді. Сондықтан бұл мәселе жыл сайын қайталануы мүмкін.

 

Жалпы алғанда, былтыр мұнай-газ өндіру көлемі үш пайызға төмендеді. Алайда өңдеу өнеркәсібі жедел дамып, бюджетке 132 млрд теңге пайда түсті. Облыстың барлық елді мекендері су, энергия, газ бен ғаламторға қосылған. Үш ауысымда және апаттық жағдайдағы мектеп жоқ.

 

Табиғи өсім бойынша тұрғын саны республикада алдыңғы орында. Өмірге үшем әкелген бақытты отбасы көп. Маңғыстау ауданының тұрғыны Дина Зұлқарнаева былтыр үшемді дүниеге әкелген еді. Көп балалы ана облыс әкімі Алик Айдарбаевтың халықпен кездесу есебіне арнайы келіпті. «Алдағы жазда осы үшем 1 жасқа толады. Алик Серікұлы, сол кезде келіп, өз батаңызды беріп, тұсауын кесуіңізді сұраймыз»,-деп өз тілегін жеткізді.

 

Ал, әкік бұл ұсынысқа рахметін айтты.

 

Ақтауда 150 орындық «Ана мен баланы қорғау» орталығы салынып жатыр. Қаржы ел қазынасынан бөлінген. Кешен қолданысқа берілген соң орталық перзентхана көшіп кіреді. Ал босаған ғимарат емханаға айналмақ. Қала халқының өсуіне орай, шаһардың солтүстігінен тағы бір кешен салу жоспарда бар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему