Маңғыстау облысы: Күзгі-қысқы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 22:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы: Күзгі-қысқы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі

12 Ноября 2018 (18:13) | 2880 | Автор: Нурганым Имашева

Тұрғындар суық ауа райына байланысты күнделікті өмірде электр қыздырғыштарын белсенді пайдаланады. Дегенмен, үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін зауыттық емес жылытқыштарды жиі пайдалану тек үйдің қауіпсіздігіне ғана емес, адамдардың өміріне де аса қауіпті. Тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану электр сымдарына жүктемені күрт арттырып, салдарынан сым қосылымдарында қысқа тұйықталу немесе ескі сымдардың жалындауына әкеліп соғады.

 

 

Адамдардың айтарлықтай бөлігі өз үйінде өрт пайда болмайды деп санайды. Дегенмен, өрт- соқыр апат немесе өлім құбылысы емес,  өрт- адамның тікелей әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесі. Оны болдырмау үшін, күнделікті тұрмыста ең алдымен өрт қауіпсіздігі ережесін,  электр құрылғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керек.

 

Біріншіден, уақытында электр сымдарына тексеруді жүргізіп, розеткаларды, қосқыштарды, пышақ қосқыштарын және басқа электр құрылғыларын жақсы күйде сақтаңыз. Шамдарды электр сымдарына іліп қоюға, электр сымдарын түсқағазбен жабыстыруға, майлы бояумен бояуға және бір уақытта бірнеше розеткаға қосуға қатаң тыйым салынады.  

 

Үйден шыққанда, тұрмыстық техниканы өшіріп, құрылғыны күту режимінде қосулы қалдырмаңыз. Бұдан басқа, жылыту маусымы қарсаңында қолданыстағы пештерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелерін еске түсіріңіз. 

 

 

Қиындықты болдырмау үшін қыздыру пештерін қараусыз қалдырмаңыз және оларды қыздырмаңыз, пештерді тұтандыру үшін тез тұтанғыш және ыстық сұйықтықтарды қолданыңыз. Әр үйде өрт қаупі бар нысан  ол – пеш.  Пештің жылуы әрқашан халық үшін, әсіресе ауылдық жерлерде көптеген мәселелерді тудырып отырады. Сондықтан, жылыту маусымына дейін барлық пештер жөнделіп, мұқият тексерілуі қажет.

 

Есіңізде болсын, өрттің салдары сіздің «ұяңыздың» жөндеуімен теңестірілмейді. Пештерді және электр жылытқыштарды пайдалану кезіндегі, көбінесе қайғылы жағдай тудыратын өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтаңыз.

 

Айта кететін жайт, пеш өрті екі топқа бөлінеді. Бірінші, пештің түтіні мен үй қабаттарының ағаш құрылымдары арасындағы арақашықтықтың жеткіліксіз болуынан пештің бұзылуы немесе пештің жұмысы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарлары өртке әкеліп соқтырды.

 

 

Сонымен қатар, пешті бензин, керосин және басқа да жылдам тұтанғыш сұйықтықтармен жылытудың соңы да өртпен аяқталады. Бұдан бөлек, пешті ашық есікте қыздырмаңыз, киімдерді, отын және басқа да материалдарды құрғатпаңыз. Жылыту аспаптарының беттерін жүйелі түрде шаң-тозаңнан тазалап отырыңыз. Жылыту маусымы алдында пештегі ақауларды дереу жөндеңіз.

 

Естеріңізге сала кетейік: өзіңізді және жақындарыңызды өрттен қорғау үшін, темекі шегу әдетінен біржола бас тартуға тырысыңыз, кереуетте жатып сөндірілмеген темекі қалдырмаңыз және кез-келген жағдайда еденге сіріңкелер мен темекі қалдықтарын тастаудан аулақ болыңыз.

 

Егер, өрт болған жағдайда, 101 нөмеріне, ұялы телефонынан 112 нөмеріне қоңырау шалыңыз.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему