Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында жаңашылдықтар бар
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 08:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында жаңашылдықтар бар

6 Мая 2020 (09:24) | 1874 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшысы Кесікбаева Дариға Саламатқызынан түсіндіріп беруін өтіндік.

 

 

-Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

 

Аталған өзгерістер 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап заңды күшіне енді.

 

Өзгерістердің басты мақсаты - азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, артық құжаттарды талап етуді алып тастау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

 

Атап айтсақ, бала асырап алуды және әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ сот шешімі негізінде неке бұзу секілді акт жазба түрлерін тіркеу алынып тасталды,-.деп мәлімдеді Дариға Саламатқызы.

 

Оның айтуынша, «Мысалы, осы өзгерістерге дейін ерлі-зайыптылар сот арқылы некесін бұзып, содан кейін АХАТ органдарына барып куәлік алуы қажет болса, өзгерістерге сәйкес сот шешімі заңды күшіне енген сәттен, автоматты түрде неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғаны туралы белгі қойылып, куәлік алудың қажеттілігі алынып тасталды.

 

Енді азаматтар АХАТ органдарына баруға тиіс емес. 

 

Сонымен қатар, бұрын баланы асырап алған немесе әкелік анықталған кезде балаға 2 куәлік берілетін - асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәлік.

 

Жаңа өзгерістерге сәйкес артық құжаттарды жою мақсатында азаматтар үшін де, тіркеуші орган үшін де тәртіпті жеңілдету арқылы балаға қажетті тек туу туралы куәлік беріледі.

Бұл ретте, баланың жеке және ата-анасы туралы деректері туу туралы куәлікте ғана көрсетіледі».  

-Келесі өзгерістердің бірі, азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, акт жазбаларды  қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша мемлекеттік қызметтер эксаумақтық қағидат бойынша көрсетіледі.

Мысалы, құжаттарын жоғалтқан жағдайда, азамат қай аймақта тұратынына, туған жеріне қарамастан, кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін ала алады.

Және де, азаматтардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын сот шешімдері, медициналық анықтамалар, ел аумағында тіркелген актілер туралы ақпарат мемлекеттік органдарға ұсыну қажеттілігі жойылды,- деп атап өтті облыстық әділет департаментінің басшысы.

 

Басшының мәлімдеуінше, «Ата-аналардың таңдауы бойынша SMS-хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеу мүмкіндігі заңнамалық түрде реттелді.

 

Сонымен қатар, бала перзентханада туылса, анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан, нәрестеге міндетті түрде туу туралы куәлік беріледі. 

 

Шетелде туған балалардың тууын тіркеуге негіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді.

 

 

Бүгінгі таңда шетелде туған баланың туу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерде жоқ, себебі туу туралы куәлік шетелдің тіркеуші органдарымен берілген.  

 

Осыған орай, егер баланың ата-анасы Қазақстанның туу туралы куәлігін рәсімдегісі келсе, олар қалауы бойынша тіркеуші органға барып, шетелде берілген туу туралы куәлікті (қажет болған жағдайда апостиль мөрі қойылған немесе заңдастырылған) ұсынса жеткілікті. Баланың нақты туған жері көрсетіліп, жаңа туу туралы куәлік беріледі.

 

Мысалы, бала Өзбекстанда туылса, ата-анасы туу туралы куәлігін тіркеуші органға ұсынып, баланың туған жері Өзбекстан деп көрсетілген Қазақстанның туу туралы куәлігін ала алады».

 

-ТМД елдерінде берілген құжаттарға апостиль қою немесе заңдастыру қажет еместігін атап өту қажет.

 

Бұл новелла шетелде туған Қазақстан Республикасы азаматтарымен өз балаларына қатысты толыққанды мемлекеттік қызметтерді, атап айтсақ: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру, денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу т.б. осындай қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

 

Одан басқа, ақпараттық жүйелерде ата-анасымен туыстық қатынасты анықтауға, куәлігін жоғалтқан немесе ол бүлінген кезде, жаңасын туған жеріне сұраныс жібермей-ақ қалауы бойынша кез-келген тіркеуші органнан алуға болады. 

 

Сондай-ақ, ата-анасы балаға қосарланған есім бергісі келсе, оның есімін дефис арқылы жазу және әкесінің аты қосарланған болса, баланың әкесінің атын дефис арқылы дұрыс жазу мүмкіндігі енгізілді,- дейді Әділет Департаментінің басшысы. 

 

Келесі өзгерістер туралы түсіндірген Дариға Саламатқызының айтуынша, егер баланы анасы өзі тәрбиелеп өсірсе, бала он алты жасқа толған кезде өз қалауы бойынша тегін анасының тегіне өзгертуді қаласа (баланың әкесінің атын өзгертпестен) анасының тегіне өзгерту қарастырылды.

 

Өзгерістерге дейін қайтыс болған азаматтың тумалары қайтыс болу туралы куәлікті алу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет болған.

 

Отбасында қайғылы жағдай орын алып, тума-туысы тіркеуші органға келуге мүмкіндігі болмайтын немесе қайтқан адамның мүлдем тумалары жоқ болатын жағдайларда кездеседі.  

 

Осы мәселені оңтайлы шешу мақсатында егер қайтыс болу туралы акт жазбаны тіркеу туралы өтініш 3 күн ішінде түспесе, тіркеуші орган медициналық куәлік немесе сот шешімі негізінде тіркеуді жүзеге асырады.

 

Қажет болған жағдайда, туыстары дайын құжаттарды электрондық үкімет порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе қалауы бойынша тіркеуші органда ала алады».

 

-АХАТ саласындағы өзгерістер халықтың уақыт және қаражат шығындарын едәуір қысқартып, мемлекеттік қызметтерді барынша сандық форматқа көшіруге мүмкіндік береді,- деп сөзін қорытындылады Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшысы Дариға Кесікбаева.

 

Сурет редакция мұрағатынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему