Ақтауда табиғатты қорғау саласындағы құзыретті органдар мен ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 04:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда табиғатты қорғау саласындағы құзыретті органдар мен ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

14 Июля 2023 (18:21) | 3097 | Автор: Редакция

Аталған жиын Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ғимаратында ұйымдастырылды, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның бастамасы бойынша өткізілді.

Күн тәртібіндеМаңғыстау облысында браконьерлікке қарсы күрес іс-қимылдары, жедел-профилактикалық іс-шаралары және табиғатты қорғау іс-шаралары талқыланды, сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы, анықталған бұзушылықтары бойынша есептер тыңдалды.

Дөнгелек үстелге Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы, МО ПД ЖПКБ Табиғат қорғау полиция бөлімшесі, «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорық, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, сондай-ақ, жиналысының бастамашысы «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның РМ «Кендірлі-Қаясан» МҚА күзет қызметі қатысты.

Жиналысқа қатысушылар өз сөзінде жұмыстар жоспарға сәйкес өткізілуде екендігін қаперге берді, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары ерекше қорғалатын табиғи аумағы (ЕҚТА) маңында тұратын ауыл тұрғындары арасында көлікті тоқтату және қарау жағдайы бойынша наразылықтың артуына байланысты инспекторлар үнемі үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізеді, күзет қызметтің қызметі туралы түсіндіреді, брошюралар мен плакаттар береді – РМ «Кендірлі-Қаясан» МҚА күзет қызметінің басшысы С.Сардарбеков айтты.

Айта кетейік, дөңгелек үстел қатысушылары аралығында 2023 жылға арналған бірлескен жоспары жасақталды, осы жоспарға сәйкес Маңғыстау облысы көлемінде табиғатты қорғау рейдттік іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде, рейд барысында анықталған бұзушылықтар шешім шығару үшін құзыретті органдарға дереу жіберіледі, бұзушылықтар туралы және анықталған бұзушылықтар бойынша істерді ілгерілету туралы ақпарат алмасу жедел өткізілуде.

Қорытындылай келе, жиналысқа қатысушылар бір-біріне алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп жиналысты аяқтады.

 

 

Құрметпен,

ҚР ЭжТРМ ОШжЖДК «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-нің

РМ «Кендірлі-Қаясан» МҚА күзет қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему