«Oil Servicе сompany» командасы ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Кубогын жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 11:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Oil Servicе сompany» командасы ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Кубогын жеңіп алды

28 Апреля 2018 (12:10) | 1581 | Автор: Нурганым Имашева

26-27 сәуірде«Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде Маңғыстау кәсіподағының құрылғанына биыл 45 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы жүлдесіне арналған облыстың кәсіподақ ұйымдары арасында волейболдан турнир өтті.

 

 

Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығының ұйымдастыруымен өткен байрақты бәсекеге 13 команда қатысты.

 

Олар өңірдегі барлық ірі өндіріс мекемелерінен және облыстық денсаулық сақтау, білім беру саласының жұмысшы жастарынан құрылған топтар.

 

Алғашқы күні іріктеу ойындарын өткізген командалар жарыстың екінші күнінде финалдық ойындарда кездесті.

 

Турнирдің қорытындысы бойынша «Oil Servicе сompany» командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы жүлдесін иеленді. Үздік топ І дәрежелі дипломмен және 200 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапатталды.

 

Жеңіс тұғырының екінші сатысына «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның командасы көтерілді. Күміс жүлдегер атанған топтың ойыншыларына ІІ дәрежелі диплом мен 150 000 теңгенің сертификаты табысталды.

 

 

Ал үшінші орынға «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тобы жайғасты. Жеңімпаз команда ІІІ дәрежелі диплом мен 100 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иеленді.

 

Жарыстың қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясымен Лұқпанов Аслан марапатталды.

 

-Екі күнге созылған ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін волейболдан турнир өз мәресіне жетті. Өңірдегі іргелі кәсіпорындар мен салалық кәсіподақ ұйымдарының қарапайым жұмысшылары арасында кәсіподақ қозғалысын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жастарды кәсіподаққа бетбұруға ынталандыру, белсенді жастарды Кәсіподақтың шараларына қатыстыру, жас жұмысшыларды спорттық шараларға көбірек қатысып, белсенді болуға баулуға бағытталған спорттық бәсеке өте қызықты тартыста өтті.

 

Биыл үшінші жылы өтіп жатқан волейбол турнирі командалардың деңгейі біршама өсіп қалғанын байқатты.

 

Кәсіподақ Орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін осындай спорттық жарыстарды алдағы уақытта республикалық турнир деңгейіне жеткізу ойымызда бар,- деді Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков.

 

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему