Маңғыстау облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы екі адам тіркелді
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 12:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы екі адам тіркелді

6 Апреля 2020 (13:24) | 2620 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен шұғыл брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев хабарлады.

 

 

-Олар 3 сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған ерлі-зайыптылармен қарым-қатынаста болған. Қызылордалық ерлі-зайыптылармен байланыста болған тұлғаларды іздестіру барысында 5-сәуір күні Ақтау қаласын, 14 шағын ауданында орналасқан 38 үйдің 4 тұрғыны жедел стационарға жеткізілген болатын. Олардан сынама алынып, екеуінен COVID-19 анықталды. Екі әйел адам да 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматтары. Олар бірден арнайы боксқа оқшауланды. Қалған екеуінен алынған сараптама теріс нәтиже берді. Қазір провизорлық ауруханада жатыр.

 

Қазір науқастар уақытша тұрған Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 38 үйдің тұтас бір подъезінің тұрғындары карантинге жабылды. Ақтау қаласының әкімдігі тәртіп сақшыларымен бірлесіп, оқшаулау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде,-деп мәлімдеді Е.Күмісқалиев.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығынан келіп түскен мәліметтерге сай, «Жалпы, 3 сәуір күні тіркелген науқастардың барлығы – 138 адаммен, оның ішінде 23 адаммен тікелей байланыста болғаны анықталды. Барлығы карантинге жабылды. Дәрігерлердің жіті бақылауында. Осы орайда тұрғындардан үйлерінде болып, сақтық шараларын қатаң сақтау сұралады.

 

Айта кетейік, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 5 жетті».

 

Суреттер Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығынан және  kyzylorda-news.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему