«Жанартаудың» жаңа жобасы
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 15:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жанартаудың» жаңа жобасы

30 Октября 2016 (18:50) | 1874 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

            Жуырда «Арман» жастар орталығында «Жанартау» жастар шығармашылық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Басқосуда өңірлік ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Шетелде тұратын отандастармен әлеуметтік және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыру барысы мен жай-күйі баяндалды.

Қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында «Жанартау» қоғамдық бірлестігі алыс-жақын елдерге сапар шегіп, қазақ диаспорысының өкілдерімен жүздесіп, жат жұрттағы ағайындарымыздың тұрмыс-тірлігі, салт-санасы, әлеуметтік кескін-келбетімен жақынырақ танысады. Шетелдегі қазақ жастарының қоғамдағы рөлі мен азаматтық белсенділігін, білім-біліктілігі мен қабілет-қарымын бағамдап, талантты жастардың қазақ жұртына кеңінен танылуына қолдау танытады.

«Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Шамшадинова:

- «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігі 2008 жылдан  бері облыс көлемінде дарынды әрі талантты жастармен жұмыс жасап келеді. Қоғамдық бірлестік жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауға, Отанды сүюге және азаматтық борышын адал атқаруға баулу бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Қазіргі таңда облыс аумағында белсенді үкіметтік емес ұйымдардың қатарында деп нық сеніммен айта аламын. «Жанартау»-дың жаңа жобасы  кең  ауқымды қамтиды. Жат жұрттағы қазақ жастарымен тұрақты қарым-қатынас орнатамыз.

Өнерлі жастардың шығармашылық ортада танылуына жол ашуды мақсат тұтамыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай «Жанартаулық» делегация Ресей,  Иран,  Өзбекстан мен Түркия елдеріне сапар шегіп, алыстағы ағайынға Қазақстан мемлекетінің осы жылдар аралығында қол жеткізген жетістіктері мен даму келешегі жайлы мағлұматпен бөлісеміз.

Делегация құрамында қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, наным-сенімнен білімі мол, тарихи тың деректерге қанық, құлағы түрік, көкірек көзі ашық азаматтар мен ұлттық өнерден кенде емес, қасиетті домбыра құлағында ойнайтын, күміс көмей, жез таңдай өнерпаздар бар екені жайлы айтылды..

Маңғыстаудың тумасы, күйші, журналист Мұратбек Кәдірбаев төл өнердің кәусар бұлағына сусап, жаны жабырқаған қандас бауырларымыздың көңілін серпілтіп, рухани жан-дүниесін байытуға барын салмақ. Сонымен қатар, қандас бауырларға арнап ғасырлар тасасынан табылған тарихи жәдігерлер мен тарих тылсымынан сыр шертер көнекөз бұйымдар, ескі елеулі дүниелер көрмесін  ұйымдастыру жоспарланғаны белгілі болды.

А.Шамшадинованың мәлімдеуінше, «Мәскеу қаласындағы «Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің дамуын қолдау «Астана» қоры өкілдерімен кездесу ұйымдастыру көзделген. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кездесу барысында Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирнг университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Орынгүл Табылдиева көне Қазақ  хандығының  қалыптасуы мен Тәуелсіз Қазақстан тарихы турасында сыр шертеді.

Сонымен қатар кездесулерде Елбасының «Бес институтционалды  реформасын іске асыруға бағытталған «Ұлт Жоспары» стратегиялық құжаты, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы кеңінен насихатталып, жұртшылыққа таныстырылатын болады».

- Жат елдегі бауырлармен жүздесіп, тілдесу, тұрмыс қалпы, шаруашылық жайымен танысумен үшін зор тәжірибе. Туған ел тарихы, елдегі жағдай мен қоғамдық-саяси жүйедегі өзгерістер жайлы біліп-ұғынғысы келетіндер, қызығушылық танытатындар көп деп ойлаймын. Қазақи ортақ әңгіме, пікір жетерлік. Сондықтан бұл жоба мен үшін өте маңызды әрі қызық, - дейді КМТжИУ оқытушысы Орынгүл Табылдиева.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему