Еңбек қатынасы дауларының сотта қаралу тәртібі
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 00:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Еңбек қатынасы дауларының сотта қаралу тәртібі

19 Февраля 2017 (19:35) | 2525 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ақтау қаласы №2 сотының Сот мәжілісінің хатшысы Арай Тұрақбаева аталмыш тақырыпқа қатысты заң талаптары туралы басылым оқырмандарына арналған түсіндірулерді ұсынады.

 

-Қазақстан Конституциясының 13-бабында бекітілгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар.

 

Қызметкер мен жұмыс беруші арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы келіспеушіліктер - еңбек даулары деп танылады.

 

Еңбек дауларының жеке немесе ұжымдық талап қоятын және талап қоймайтын түрлері болады. Жеке еңбек даулары өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру туралы жұмыс берушіге талап қоятын жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды. Ұжымдық еңбек даулары талап қоймаушылық сипатта болып келеді және айрықша тәртіппен қаралады.

 

Бұл жағдайда дауласушы қызметкер өзінің бұзылған құқығын тану немесе оны қалпына келтіру туралы талап қояды. Талаптық сипаты бар еңбек даулары көбінесе жеке адамдардың даулары болып келеді. Талап қоймайтын сипаттағы еңбек даулары жеке және ұжымдық болуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы 159-бабына сай, шағын субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органдарының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.

 

Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді. Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс,-дейді Сот мәжілісінің хатшысы Арай Тұрақбаева.

 

Оның мәлімдеуінше, «Дау өтініш берушінің және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.

 

Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті. Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.

 

Жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай ішінде сотқа жүгіне алады.

 

Ал, басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл ішінде сотқа жүгінуіне құқылы».

 

-Мысалы: Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотынының өндірісінде талапкер Н. Ғ-ның жауапкер «Джунь Ю Тянь Шань Мунай Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген қызметтен босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа бұрынғы қызметіне қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы және моральдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

 

Тараптар арасында еңбек даулары туындаған. Талапкер Ғ.Н. заң талабына сай дауды өзара шешу мақсатында келісім комиссиясына арызбен жүгінген. Алайда талапкер Ғ.Н-тың арызын қанағаттандырусыз қалдырғандықтан, Ғ.Н. сотқа жоғарыда  көрсетілген талаппен жүгінді. Сот істі қарау барысында тараптарды өзара келісімге келтіріп, сот ұйғарымымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

 

Талапкер Б.М.-тың жауапкер «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына берген ұжымдық шартта көзделген талаптары орындалмауына байланысты сотқа талап арызбен жүгінген. Алайда, Б.М.-тың талабында көрсетілген мән-жай өз дәлелін таппағандықтан талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Арыздарды қарау барысында сот заң талаптарын басшылыққа алып, талапты сот шегінде қарады,-дейді Ақтау қаласы №2 сотының Сот мәжілісінің хатшысы Арай Тұрақбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему