Жеңгетайлық жасап, сотты болды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 01:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жеңгетайлық жасап, сотты болды

23 Апреля 2018 (13:20) | 2488 | Автор: Нурганым Имашева

Сотталушы З.К. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтау қаласы 16а шағын ауданында орналасқан «Керемет» моншасында ауызша келісім бойынша әкімші болып қызмет атқарып жүріп, күнделікті жезөкшелікпен айналысатын азаматша В.Б.-мен танысып, пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасап, моншаға келген азаматтарға жезөкшелік қызмет көрсетуге шақырғаны үшін, жыныстық қызмет көрсеткен табыстарынан ақша алатын болып келіскен.

 

 

Осы ойын іске асыру үшін ол 2018 жылдың ақпан айының 11 күні В.Б. есімді азамат қасындағы екі адаммен бірге моншаға келіп, жезөкшелікпен айналысатын қыздарды шақырып беруді сұраған кезде, В.Б.-мен алдын ала сөз байласуы бойынша, оны моншаға шақырған.

 

В.Б. моншаға Н.У.-мен бірге келіп, моншадағы адамдарға жыныстық қызмет көрсетіп әрқайсысы 15 000 теңгеден ақша алып, кетерде әрқайсысы сотталушы З.К.-ға 3000 теңгеден 6 000 теңге ақшаны пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық жасағандығы үшін берген. Сол кезде полиция қызметкерлерімен сотталушы З.К. ұсталып, одан жеңгетайлық үшін алған 6 000 теңге ақша табылып алынған.

 

-Cотталушы К. З. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 309 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 63 бабына сай тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты деп саналсын деп сот үкім етті,-дейді қылмыстық істі сотта қараған Ақтау қалалық сотының судьясы А.Нағашыбаев.    

 

Сурет tengrinews.kz

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему