Сот жүйесін цифрландыру маңызды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 09:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот жүйесін цифрландыру маңызды

10 Апреля 2018 (20:30) | 3611 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасы әрбір бағдарламасында  «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажеттігін» басты назарға алып келеді. Мәселен, биылғы Ұлт көшбасшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы міндеті жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне арналды.

 

 

Аталған маңызды Жолдауда «Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты»,-деп көрсеткен болатын Елбасы.

 

Иә, еліміз бен жастарымыздың жарқын болашағы үшін әрбір саланы цифрландыру маңызды. Оның ішінде сот жүйесінде де цифрландыру мақсатында игілікті шаралар жүргізіліп, ол өз жемісін беруде.

 

Бүгінде сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында іске қосылған электронды технологиялардың нәтижесінде соттағы бітпейтін кезектер жойылып, қағаз, қаламмен тіркелетін құжат айналымын электронды жүйелер толығымен алмастырды.

 

Мәселен, 2014 жылдан бастап қолданысқа енгізілген «Сот кабинеті» сервисі өз өміршеңдігін көрсетіп отыр. Бұл сот органдары қызметіне бір терезе жүйесімен қол жеткізудің онлайн түрі.

 

 

ҚР Жоғарғы Сотының сайтында «Сот кабинеті» модулі құрылған, сол арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электронды формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған.

 

Мұндай электрондық құжаттар бюрократияға алып келмейді, сотқа аяқтай келіп, кезекке тұрудың алдын алып, арыз берушінің уақыты мен жолға жұмсалар қаржысын үнемдері сөзсіз.

 

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану аясын кеңейту мақсатында Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының күту залында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін пайдалану жөніндегі нұсқамалар қойылып, 2017 жылы аталған сотқа «Сот кабинеті» арқылы түскен әкімшілік істер саны  - 6783-і құраған.

 

 

Сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20-қадамында барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті енгізу қажеттігі көрсетіліп, судьяның бейнежазуды тоқтатуға немесе аудиожазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс екендігі де басты назарға алынған еді.

 

2015 жылы өңір соттарының 98 пайызы заманауи құрылғымен жабдықталса, 2016 жылдан бері бұл 100 пайыздық көрсеткішті құрап отыр. Ал, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылы қаралған 6754 әкімшілік істердің 6608-і бейнежазба жүйесін  пайдалану арқылы қаралған. Яғни, 97,8 пайызды құрады.

 

Сот төрелігін атқаруда қағазбастылықтан арылу мақсатында заманауи технологияларды қолдану арқылы біз соттардағы ашықтық пен жариялылыққа қол жеткізе аламыз. Осындай заманауи технологиялардың арқасында ашықтық пен жариялық салтанат құрған жерде әділеттің туы жығылмасы анық деп ойлаймын.

 

Назгүл Самендирова

Ақтау қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

 

Суреттер kazakh-tv.kz, sud.gov.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему