Европадан күміс жүлдемен оралды
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 20:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Европадан күміс жүлдемен оралды

16 Ноября 2015 (13:21) | 1311 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстаулық балуан Нұрсұлтан Манарбекұлы-Европа кубогінің күміс жүлдесін жеңіп алды. Словенияның Градек қаласында өткен халықаралық турнирге 39 мемлекеттің дзюдошылары қатысып, күштерін сынады.

 

-Қараша айының 14 мен 16 аралығында өткен додаға 2001-2003 жылы туылған 500-ге жуық балуан қатысты. Аталмыш жарыста балуанымыз Нұрсұлтан топ жарып, күміс медальді иеленді. Ол 34 келі салмақта белдесіп, франсуздық, сербиялық, әзірбайжандық және орыс, түрік, грузин балуандарын айқын басымдылықпен жеңіп, ақтық сында беларустық балуанға жол берді. Кең ауқымда өткізілген мұндай Халықаралық жарыста топ жарып, елге жеңіспен оралу да үлкен жетістік,-дейді балуанның бапкеріЖомарт Қобыланов.

 

Нұрсұлтан-жақында Қарағанды қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дзюдодан өткен республикалық турнирде алтынды иеленіп, ел абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, жыл басындаБакуде өткен халықаралық жарыста қоланы және наурыз айында Орал қаласында Т. Қамзиевты еске алуға арналған республикалық самбо жарысында алтынды алса, дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирде де алтыннан алқа тақты.

 

Балуандар отбасында тәлім алған Нұрсұлтанның спортты жанына серік еткеніне биыл-үш жыл. Аз уақыт аралығында ол самбо мен дзюдо күресінен «спорт шеберіне үміткер» атанып та үлгерді. Күрестің екі түрінен де облыс чемпионы және жасөспірімдер арасында республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанды.

 

Ақтаудағы «Жастар» спорт мектебінің түлегі Нұрсұлтан бүгінде Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжінде білім алуда.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему