Үздік гимнасшылар анықталды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 09:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік гимнасшылар анықталды

22 Января 2018 (17:35) | 2313 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу жарысы өтті. Оған аймақтағы барлығы26гимнасшы арулар қатысып, бақтарын сынады.

 

 

-Жарыс жекелей және топтық жаттығу бойынша өтуде. Жарыстың мақсаты-аймақта көркем гимнастиканы дамыту, жас гимнастшылардың спорттық шеберлігін шыңдау. Көркем гимнастикада толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру басым келеді.

 

Жарысқа қатысушылар да осы үдеден шығып, жақсы өнер көрсетті.Биыл көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты Шымкент қаласында өтеді.

 

 Жарысқа бүгінгі турнирден үздік шыққандар қатыса алады. Жалпы облыста екі жыл бұрын құрылған көркем және эстетикалық гимнастика федерациясы қарқынды жұмыс жасап келеді.

 

Өлкемізде көркем гимнастиканы дамыту мақсатында екі рет Азияның бес дүркін чемпионы А. Алябьева мен Белоруссияның жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы А. Рогозина сияқты білікті мамандар оқу-жаттығу жиынын өткізді.

 

Соның нәтижесінде гимнасшы қыздарымыз елімізде өткен республикалық, Ресей, Украинада өткен халықаралық жарыстардан үш алтын, бір күміс және бір қола медальді иеленді.

 

Бұл бұрын-соңды гимнастикадан Маңғыстау тарихында болмаған жетістік. Сонымен қатар 2017 жылы «Шағала» халықаралық турнирі республикалық жарыстар кестесіне енгізіліп, тамыз айында облыста алғаш рет ұйымдастырылды.

 

Оған Өзбекстан, Ресей, Украина мемлекеттері мен Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының 5 пен 14 жас аралығындағы гимнасшы қыздары қатысып, бақтарын сынады,-дейді Маңғыстау облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының президенті БибігүлТөлегенова.

 

 

Бүгінгі таңда облыста көркем гимнастикамен шұғылданатын қыздардың саны 1200аруды құрайды. Спорттың осы түріне қызығушылық танытқан қыздардың саны Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында жыл санап артып келеді.

 

Федерация президенті:

-Биыл облыс орталығында «Шағала» халықаралық турнирі мен өңірде алғаш рет көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Кубогы өткізілмек. Сонымен қатар Ресейден атақты тренер шақыртылып шеберлік сабағы да ұйымдастырылымақ,- деп мәлімдеді.

 

Облыстық іріктеу турнирінің нәтижесінде 2004 жылы туған гимнасшылар арасында Мария Түгелбаева («Маңғыстау арена» спорт кешені),2005 жылғылар арасындаҰлжан Әбдірахман («Жас батыр» спорт мектебі), 2007 жылғылар арасында Жансая Жанбуршиева («Жас батыр» спорт мектебі), 2008 жылғылар арасында Аяулым Қибасова («Динамо» спорт мектебі) жеңіс жетіп, алтыннан алқа тақты.

 

-Бүгінгі жарыста озып шығып, алтын медальді иеленгеніме өте қуаныштымын. Ендігі мақсат-Шымкент қаласында өтетін жарыста осы жеңісімді қайталап, аймақ абыройын арттыру.

 

Гимнастикаға мені жетелеп әкелген анама айтар алғысым шексіз. Болашақта биік белестерді бағындырып, көркем гимнастика өнерінің хас шебері, еліміздің мақтанышы Әлия Юсупованың жетістіктерін қайталағым келеді,-дейді Жансая Жанбуршиева.

 

Сондай-ақ, облыстық турнирдің қорытындысында жас гимнасшылар Мадина Шабанова, Ләззат Бурханова, Диана Оразбай, Томирис Исаева, Алиса Бозбаева, Рысбике Сейбағыт,  Дильназ Қаржаубаевалар өзара екінші және үшінші орындарды бөлісті.

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему