Бітімгершілік берекеге бастайды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 12:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бітімгершілік берекеге бастайды

11 Февраля 2017 (20:55) | 3169 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Б.Байғожаев медиацияның халқымызға тигізер игі әсері туралы пікірімен бөліседі.

 

-Қазақты ежелден мәмілегер халық деп атаймыз. Кез келген мәселені келісіммен шеше білгендігін тарихтан, ауыз әдебиеттерінен білеміз. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ даласы билігінің белгілі дара тұлғалары – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез-келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбішілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға белгілі. «Медиация туралы» заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Бүгінгі жазылған заңға ғана сүйенетін заманда екі жақтың мәселесін мәмігерлік жолмен шешіп берудің ұтымды жолын ойластырып, арнайы заң да қабылданды.

 

2011 жылғы 28 қантарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» №401-IV заңы қабылданып, 2011 жылдың 6 тамызында заңды күшіне еніп, жүзеге асып жатқаны белгілі, - дейді судья Б.Байғожаев.

 

Судьяның пікірінше, «Қазіргі таңда бірінші кезекте құқықтық, азаматтық құқықбұзушылық қатынастардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеп, шешу, соттардан тыс тәртіппен жүргізу институттар жүйесін және оның оң тәсілдері мен тетіктерін дамыту тәжірибесін енгізуді және жүзеге асыруды қолға алған дұрыс. Сот жүктемесінің мейлінше жеңілдетуі мен дауласушы тараптардың өсім салмағын төмендетуі үшін «Медиация туралы» заңның соттан тыс тәртіппен жүргізіліп, шешілу тәжірибесінің оң тәсілдері мен тетіктерін қалыптастыру институтын дамыту қажет».

 

-Сот өндірісінде қаралып,аяқталған барлық санаттағы істердің саны жыл сайын төмендемей, еселеп көбейіп жатқаны соттардың статистикалық көрсеткіштерінен-ақ белгілі. Әрбір туындаған даулар сот өндірісіндегі істер бойынша ғана тиімді пайдаланылып, оң шешімін тауып жатқанын көруге болады. Алайда, тараптар арасында туындаған даулардың соттан тыс реттеліп, шешіліп жатқаны туралы іс жүзінде бейхабар екеніміз рас. Өйткені, тараптар арасында туындаған даулардың, «Медиция туралы» заңға сәйкес, соттан тыс реттеліп, шешілгені жөнінде статистикалық деректер мүлдем жоқ десек қателеспейміз, - деп мәлімдеді судья Б.Байғожаев.

 

Оның айтуынша, «Соттарда істер айлап, кейде жылдап қаралатын болса, медиаторға 30 күн ғана уақыт беріледі. Соттардан ең басты айырмашылығы – медиатор тараптармен болатын келіссөздерге кез келеген уақытта, кез келген жерде қатыса алады. Ал, судьяға араласпаушылық принципі бойынша мұндай келіссөздерге қатысуға заң бойынша рұқсат етілмейді.

 

Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.

 

Медиацияны жүргізу тілін тараптар медиацияны жүргізу барысында пайдаланылатын тіл немесе тілдер туралы өздерінің қалауы бойынша уағдаласа алады. Егер тараптардың бірі медиацияға жүгіну туралы ұсынысты жазбаша түрде жіберсе және оны жіберген күннен бастап он күн ішінде немесе ұсыныста көрсетілген өзге де орынды мерзімде медиация рәсімін қолдануға басқа тараптың келісімін алмаса, мұндай ұсыныс қабылданбаған болып есептеледі.

 

Медиацияны жүргізу үшін тараптар өзара келісім бойынша бір немесе бірнеше медиаторды таңдайды. Егер тараптар аталған ұйымға тиісті өтініш жіберсе, медиаторлар ұйымы медиатордың (медиаторлардың) кандидатурасын ұсына алады. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған болып табылса, педагогтың немесе психологтың қатысуы міндетті.

 

Медиация жүргізу алдында медиатор оған дайындық жүргізеді. Тараптарды тыңдап, даудың шығу себебін айқындау үшін, екі жақтың пікірін толық тыңдап, қажетті мәлімет жинайды. Тараптардың әрқайсысынан даудың шығу себебін тыңдап, қандай

сұрақтарды талқылау қажеттігін шешеді. Бұл ретте медиатор нақты тыңдау және қайталап сұрап, конструктивті мағынасын табу шараларын қолданады.

 

Сонымен, медиатор екі жақты да творчестволық ізденіске итермелейді. Қорытындыға келгенде екі жақтың шешімге өз еркімен келгеніне көзі жету керек.

 

Төртінші қадамда медиация шешімі дайындалады. Тараптардың қатысуымен медиатор болашақ шешімнің талаптарын оқып береді және оның әр бабын талқылайды. Медиацияның бесінші қадамында медиация шешіміне екі жақ қол қояды. Медиациялық шешім олардың қайсысының да көңілінен шығуы керек. Осы орайда медиаторға жүктелетін міндет өте ауыр десе болады. Медиатор шын мәнінде адамдармен тіл табыса алатын психолог әрі сабырлы, байыпты жан болуы тиіс. Сонымен бірге, медиатордың қызметі кәсіпкерлік болып саналмайды, баска да қызмет түрлерімен айналыса алады».

 

-Азаматтарымызға медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар туралы айта кетсек олар: медиаторға сыйақы беру, медиацияны жүргізуге байланысты медиатор шығыны, оның жол жүру ақысын төлеу, қонақ үйде тұруға және тамақтануға арналған шығыстар болып есептеледі.

 

Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы да, тегін де жүзеге асырады.

 

Кәсіпқой медиатор (медиаторлар) сыйақысының мөлшері медиация басталғанға дейін медиатормен (медиаторлармен) тараптардың келісімі бойынша айқындалады. Егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, медиацияны жүргізуге байланысты шығыстарды тараптар бірлесіп тең үлестермен төлейді.

 

Егер медиатор өзінің бейтараптығына кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты медиацияны жүргізуден бас тартса, ол тараптардың өзіне төлеген ақшалай сомасын қайтаруға міндетті. Біздің елімізде қабылданған заңымыз да өркениетті елдердегідей бейтарап медиаторды тарту арқылы істі бітімге келтіріп, заманауи құқықтық жүйенің дамуына ықпал етуі тиіс-тін. Болжанған жоба енді-енді адымдай бастады десек, орынды болады.

 

Елбасы осы мәселеге үлкен зер салып, медиация тәсілі адам құқықтарын ең қымбат қазынасы ретінде қастерлейтін мемлекеттің алғышарты болуы тиіс екенін айтты. Сондықтан, елдегі медиация институтының дамуына барынша қолдау көрсетіп, институттың кең құлаш жаюына ықпал етуіміз қажет. Өйткені, медиацияның біздің елімізде болашағы зор. Оны бір деңгейде қолдасақ, медиация халқымызға игі әсерін тигізеді,- деп мәлімдеді Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Б.Байғожаев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему