Сот жүйесін цифрландыру басты назарда
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 15:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот жүйесін цифрландыру басты назарда

5 Июня 2019 (15:02) | 2068 | Автор: Нурганым Имашева

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру екендігін нақтылады.Санаулы уақыт ішінде Қазақстанда демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі, түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы орнап, ұлттық экономикамыз дамып, әлемдік қауымдастық таныған елге айналдық.

 

 

Аталған Жолдауда Тұңғыш Елбасы «Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады», - деген болатын.

 

Иә, осы жылдар аралығында әр салада оң өзгерістер орын алып, мемлекет тарапынан халыққа көрсетілетін қызметтер толығымен сандық жүйеге көшті десек артық айтқандық емес.

 

Мәселен, цифрландырудың нәтижесінде сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы артып, құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасы күн сайын артуда. Елімізде бірнеше құрылымнан тұратын «Электрондық сот төрелігі» құрылды. Сондай-ақ, «Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, республика соттарының веб-сайттары үздіксіз жұмыс жасауда. Сотқа жүгінушілер бұрынғыдай сот табылдырығын тоздырмай, үйде отырып-ақ «Сот кабинеті» сервисі арқылы сан түрлі электронды арыздарды беруге, талап арызды еліміздің кез келген сотына электронды түрде жолдауға және ол туралы электронды растау құжатын алуға мүмкіндік алды.

 

Ал, «Төрелік» ақпараттық-сараптау жүйесі автоматты есеп жүргізуге және процессуалдық мерзімнің сақталуын бақылау, статистикалық және сатаптау есептерін қалыптастыру, іс жүргізу және сот ісін жүргізуді оңтайландыруға бағытталғанын айтып кеткен жөн.

 

 

Сот отырысы залдары дыбыс-бейнежазба құралдарымен жабдықталып, тараптар сот процесіне онлайн қатысуға мүмкіндік алды.

 

Сондықтан, «Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы негізінде сот жүйесі оңтайландырылып, азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігі артты деуге толық негіз бар.

 

Қорыта айтқанда, сот жүйесі үздіксіз дамуда. Жыл басында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып, заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді. Енгізілген жаңашылдықтар өз кезегінде түпкілікті сот шешімдерін қабылдау уақытын барынша қысқартуға және судьялардың жүктемесін азайтуға септігін тигізіп отыр.

 

Алтай Қонысов

Ақтау қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының судьясы

 

Суреттер Dixinews.kz, Zakon.kz ТоболИфо сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему