Бүгін елімізде бірқатар ауыс-түйіс болды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 05:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бүгін елімізде бірқатар ауыс-түйіс болды

15 Марта 2017 (10:34) | 1322 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Бүгін елімізде бірқатар облыстардың басшылары ауысты. Ақмола облысының әкімі болып Мәлік Мырзалин тағайындалды. Жаңа әкімді халыққа Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таныстырды.   

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен сондай-ақ, Қарағандыда болып облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Сессияда Президент Қарағанды облысының әкімі қызметіне Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.    

 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Ерлан Қошановтың кандидатурасын мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады. Мемлекет басшысы өңірдің тәуелсіздік жылдары тұтас еліміздегі секілді үлкен табыстарға жеткенін атап өтті. Ал орталықта жұмыс істеп, ысылған Ерлан Қошанов өңірдің дамуына барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс. Сессиядан соң Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активімен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев әкімдер мен даму институттары жетекшілеріне инвесторлармен жұмысты күшейту міндетін жүктеді. «Біз бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша облыстардың арнаулы рейтингін жасап, жыл сайын индустрияландыру күні табыс етілетін атаулы сыйлық тағайындаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

 

Кездесу соңында Қарағанды облысының жаңа әкімі Ерлан Қошанов Қазақстан халқына және Президентіне ант берді.

 

Солтүстік Қазақстан облысының да әкімі ауысты. Бұл қызметке Құмар Ақсақалов тағайындалды. Оны облыс активіне Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков таныстырды. Мемлекет басшысының ұсынысын мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады.

 

Құмар Іргебайұлы мамандығы бойынша инженер-механик. Еңбек жолын кеңшардың бас инженерінен бастаған. Қостанай облысына қарасты Мендіқара және Таран аудандарын басқарған. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясының хатшысы сынды түрлі лауазымды қызметтер атқарған. Соңғы жылдары Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

 

Ал, Маңғыстау облысының басшысы болып Ералы Тоғжанов тағайындалды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему