Мұнайлы ауданында ауыз су мәселесі қашан шешіледі?
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 12:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданында ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

12 Июня 2020 (09:20) | 2734 | Автор: Нурганым Имашева

171 мың халқы бар Мұнайлы ауданында ауыз су мәселесі өзекті. Қазіргі уақытта аудан тұрғындарының тұтынып отырған су көлемі 13 500 м3 қамтиды. Десе де, ауыз суды өз деңгейінде қамтамасыз ету үшін 21 мың м3 су қажет. «Каспий су тұшыту зауыты» тәулігіне 18 000 – 19000 м3 су өндіреді. Оның 2 000м3 Қарақия ауданында, 2 000м3 өндірістік кәсіпорындардың, қалғаны Мұнайлы ауданының еншісінде.

 

 

Жаз мезгіліне байланысты ауданның ауыз суға деген қажеттілігі өсуде. Ауданішілік су құбырларын бөлу және реттеу жұмыстары «Маңғыстау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен жүзеге асырылады. Кесте бойынша елді-мекендердің 74% орталықтандырылған құбыр арқылы, 26% арнаулы су тасу көліктері арқылы жеткізіліп отыр.

 

Маңғыстау облысының тұрғын-үй комммуналдық шаруашылығы басқармасының айтуынша ауыз суды жеткізу тарифі – 262,4 теңге құрайды. Оның ішінде тұрғындар 1 м3 ауыз су үшін – 30 теңге төлейді, қалған айырмасы облыстық бюджет есебінен субсидияланады. Сондықтан, тұрғындарға ауыз суды үнемді пайдалану ұсынылады.

 

 

-Жаз уақыты болғандықтан бау-бақшаны, ағаштарды суару үшін, судың көп бөлігі соған кетіп отыр. Себебі қыс мезгілінде адамның өзі пайдаланатын уақытта молынан жетіп, ешқандай қиыншылық туындаған жоқ. Тұрғындарға айтарымыз арзан су деп қалай болса солай крандарды ашып қоюға болмайды. 2-3 ай уақыт ішінде суды үнемдеп, түсіністікпен қарауға шақырамыз,-деді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев.

 

Айта кетейік ауыз суға деген тапшылықты жою мақсатында «Каспий су тұщыту» зауытының қуаттылығын 20 000 м3 - тен 40 000 м3 жеткізу жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны іске қосу мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

 

Суреттер МО қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему