1 шілдеден жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жарнасын төлей бастайды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

1 шілдеден жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жарнасын төлей бастайды

15 Марта 2017 (10:37) | 1357 | Автор: Мира Ботабекова

 

Елімізде 1 шілдеден жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жарнасын төлей бастайды. Биыл бұл жарнаның көлемі төлемдері аудару нысанынан 1% құрап отыр. Бүгін  Денсаулық сақтау министрі Мәжіліс депутаттардың назарына бірқатар заңдарға енгізілген өзгерістерді ұсынды.

 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәжілісімендерге 6 Кодекс пен 16 заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын ұсынды.  Оның ішінде қызу талқыланғаны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі заң жобасы болды.  Атап айтқанда, министрлік төленетін жарналардың көлемін азайтуды ұсынады.

 

 Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

 -Қазір еліміздегі экономикалық ситуацияға байланысты. Өздеріңізге мәлім, экономикалық ситуация жеңіл емес. Осы мәселе бойынша біз бір жылдан астам кәсіпкерлік палаталармен және Ұлттық экономика өкілдерімен жұмыс істедік. Түрлі зерттеу жұмыстар жасап, осындай ставкаларды төмендету бойынша шешім қабылдадық. Бірақ бұған қарамастан қордың жауапкершілігі төмендемейді.

 

Жаңа заң аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобына мемлекет – 3,75%, 2019 жылдан бастап – 4%, 2022 жылдан бастап 5% артық емес мөлшерде жарна белгілеу ұсынылып отыр.  Ал жұмыс берушілердің жұмысшыларға бөлетін жарналарының көлемі 2017 жылы 1 шілдесінен бастап 1 пайызды құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 3 пайызға дейін көбейеді. 

 

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, мемлекеттік емес жекеменшік мекемелер де қатысады бұл системаға. Сол үшін олар қазір аккредитациядан өтіп жатыр. Сондықтан адам қайда барса, фонд сонда төлейді.

 

 Қазіргі қолданыстағы заң бойынша мемлекет 12 санаттағы азаматтардың жарнасын төлеуді мойнына алған. Енді бұл тізім кеңейе түспек.  Енді 18 жасқа дейінгі мүгедекті күтіп бағатын жұмыссыз тұлға мен оралман ағайын тіркеуден соң бір жылға жарнадан босатылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему