Әлем чемпионатынан үш қола!
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 13:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әлем чемпионатынан үш қола!

21 Октября 2015 (14:15) | 1505 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласындағы «Жастар» спорт мектебінің самбошылары Бауыржан Сағынғалиұлы мен Рамазан Мамаев және «Қарагөз» спорт мектебінің шәкірті Мейрамбек Жаңабай Әлем чемпионатында топ жарып, қазақ еліне жеңіс сыйлады. Ригада өткен дүбірлі додада үш балуанымыз да қоланы еншілеп, бапкерлердің үмітін ақтады. 

 

Батыр ұлдарын спорт мектептерінің басшылары, туған-туыстары мен жанкүйерлері «Ақтау» халықаралық әуежайынан шашу шашып, салтанатпен қарсы алды. Жерлестері жеңіспен оралған, елдің намысын арқалаған ұландарын алақанға салып, төбесіне көтерді. Балуандарды әлемдік жарысқа дайындаған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, белгілі бапкер Сергей Волобуев ең алдымен шәкірттерінің жеңісіне кәміл сенген жерлестеріне алғысын жеткізді. 

 

- Бізге қолдау көрсетіп, үміт артқан баршаңызға алғысымды білдіремін. Самбодан Әлем чемпионаты жасөспірімдер мен жастар арасында қазан айының 8-12 аралығында Ригада өткен болатын. Аталмыш жарыста қос шәкіртім қоланы еншілеп, үмітті ақтады. 60 келі салмақта белдескен Бауыржан Сағынғалиұлы үшінші орынға моңғолдық балуанмен күресіп, жеңіске жетті. 57 келі салмақта күрескен Рамазан Мамаев жастар арасында үшінші орынды иеленді. Ол ақтық сында қырғыздық балуанды ұтты. Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтті,-дейді танымал жаттықтырушы Сергей Волобуев. 

 

Ригада өткен Әлем чемпионатына 28 мемлекеттен 400-ге жуық «мен мықты» деген балуан қатысып, бақтарын сынады. Қазақ елінің намысын 34 самбошы қорғап, оның ішінде 4-уі күмісті және 12-сі қоланы иеленді. Жалпы командалық есепте ресейлік самбошылар І-орынды иеленсе, ІІ-орынға белорустік және ІІІ-орынға украиналық спортшылар тұрақтады. 

 

-Негізі бұл чемпионатқа самбошылар ұзақ уақыт дайындалды. Осы уақытқа дейін спортшыларымыз Бакуде, Грузияда өткен оқу-жаттығу жиындарына қатысып, біраз тәжірибе жинақтады. Жарыс алдындағы соңғы дайындықты Талдықорған қаласында пысықтаған болатын. Чемпионатқа қатысуға қолдау көрсетіп, бізді қолдаған облыстық спорт басқармасының басшысы Сергей Пахомов пен облыстық самбо федерациясын басқарып отырған азамат Орақ Аяповқа спорт мектебінің атынан алғысымды білдіремін,-дейді Ақтаудағы жастар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің басшысы, облыстың самбо мен дзюдодан бас бапкері, Манарбек Бисекенов. 

 

 

Әлемдік жарыста ел намысын абыроймен қорғаған маңғыстаулық балуан Бауыржан Сағынғалиұлы өткен жылы Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында өткен самбодан Азия чемпионатында топ жарып, чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, балуанымыз жыл басында Петропавлда өткен жарыста алтыннан алқа таққан еді. Ақпан айында алғаш рет Ақтау қаласында самбодан өткен Ел біріншілігінде күмісті және Маңғыстау облысының құрметті азаматы, ҚР-ның ең үздік фермері Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирде топ жарып, «Спорт шебері» атағын иеленді. Енді міне, Әлем чемпионатынан қоланы еншілеп, елдің абыройын асқақтатты.

 

-Мықтылар басқосқан жарыста үздіктер қатарынан көріну де оңай емес. Бапкерлерім мен ата-анамның үмітін ақтау үшін, барымды салып белдесіп, қоланы қанағат тұттым. Енді желтоқсан айында Атырауда өтетін Азия чемпионатында облыс намысын қорғайтын боламын. Дайындықты бастап та кеттік,-дейді Бауыржан Сағынғалиұлы. 

 

 Шын жүйрікке тұсау жоқ екенін Рамазан да мойындатты. 57 келі салмақта күресетін Рамазан Мамаев сәуір айында самбодан жастар арасында өткен ҚР чемпионатында топ жарып, алтынды иеленген болатын. Бұл жолы ол Әлем чемпионатында Латвияның, Өзбекстанның, Әзірбайжанның, Қырғызстанның балуандарымен кездесу өткізіп, қоланы иеленді. 

 

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтап, бағындырар белестерің биік болсын дейміз. 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему