«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 12:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды

7 Декабря 2015 (14:11) | 1443 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қазір елімізде жұмыс жасаймын деген адамға барлық мүмкіндік қарастырылған. Он екі мүшесі сау адамдармен қатар мүгедектердің де қоғамнан тыс қалмауына жіті көңіл бөлініп жүр. Бұл орайда мүгедектерге кәсіпкерлікпен айналысуына «Даму-Көмек» бағдарламасының берері мол. «Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлердің проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүліктік, консультациялық қолдау көрсету, өзге қызмет көрсетулер) жайындағы ақпараттармен қоғамымызды молынан хабардар ету арқылы қолдау көрсету мақсатында әзірленген.

 

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Даму-Көмек» бағдарламасының қызметіне жүгінушілердің де, оларға қолдау көрсетушілердің де қатары күн санап артып келеді. Өткен аптада өңірдегі бірнеше мүмкіндігі шектеулі жанға қаржылай көмек берілді.

 

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалына «Ақтау саңыраулар қоғамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеті бірдей мүшесі хабарласып, тігін жұмысына қажетті құрал-жабдықтарды алып беруге өтініш білдірген болатын.

 

Көп ұзамай-ақ, «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында Айгүл Рысқалиева, Акмөлдір Төлесін, Оксана Харченко, Назгүл Нұрбергенова, Ирина Андрейчик, Баян Шамұратова, Айнұр Айдарбековалардың сұранысы қанағаттандырылды.

 

Ақтау қалалық «Маңғыстау ТРК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, белсенді кәсіпкер Мереке Бақтыбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың өтінішін орындап, демеушілік танытып, барлық соммасы 315 000 мың теңгені құрайтын құрал-жабдықтарды, атап айтқанда: «Green» көпфункционалды тігін машинасын және «Janome Mylock» маркалы жиектеу машинасын сатып алып берді.

 

Жомарт кәсіпкерге «Даму-Көмек» Бағдарламасы шеңберінде мүгедек-кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсеткендігі үшін «Даму» Қорының арнайы алғыс хаты табыс етілді.

 

Жалпы, «Даму-Көмек» бағдарламасы бастау алғалы бері Маңғыстау облысында 62 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетіліпті. Ал, биыл бұл бағдарламаның шапағатына 23 тұрғын бөленген.

 

 

«Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндіктері шектеулі жандарға бизнесті жүргізуге көмек береді. «Даму» Қоры осы Бағдарламаны іске асыру аясында қаржыландыру көзін ұсынбайды, бірақ мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер мен әлеуетті демеушілер арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді.

 

Аталған Бағдарламаның басты бір ерекшелігі, мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамай өз ісімен шұғылданып, тұрақты табыс табуға, қоғам өміріне толық және тең дәрежеде атсалысуға талпынып отырған жандарға әр адам шама-шарқына қарай нақты атаулы көмек көрсету арқылы үлес қоса алады. Көмектің тек ақшалай ғана болуы да міндетті емес. Мысалы, осы Бағдарлама аясында бір топ мүгедек-кәсіпкерлерге заңи ақыл-кеңес түрінде көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, 90-нан астам мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын жедел-курстарға тегін қатысты. Тренинг барысында алған білімдері оларға өз бизнесін ашу мүмкіндіктеріне жаңаша көзбен қарауларына және оның даму перспективаларын барынша терең қарастыруларына мүмкіндік береді, және де жүрексініп жүрген жандарға көкейлеріндегі күмәндарынан айрылып, өз ісін бастауына құлшыныс беруі мүмкін.

 

«Бұл бағдарлама бойынша қаражат бөлінбейді. Мүгедектің жазған арызы қордың ресми сайтына орналастырылады. Содан кейін біз облыстағы беделді кәсіпорын басшылары мен бизнесі дамыған кәсіпкерлермен жеке кездесіп, мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен маңызы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Яғни мүгедектің арызы бойынша демеуші іздейміз. Демеушілік танытқысы келетін кәсіпкер өз еркімен заттай немесе ақшалай көмек көрсетеді. Мүгедекке табыс етілген құрал-жабдықтар кейін қайтарылмайды»,-деді «Даму» қорының қызметкерлері.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему