Маңғыстау өлкесіне Польшаның журналистері қызығушылық танытты
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 15:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау өлкесіне Польшаның журналистері қызығушылық танытты

22 Декабря 2015 (15:37) | 4798 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда киелі өлкеге Польша мемлекетінен келген тілшілер қауымы ат басын тіреді. «Украинаның Халықаралық әуе желілері» компаниясының ұйымдастырған инфотуры аясында Киев қаласы арқылы Ақтауға ұшып келген журналистер екі күн бойы Маңғыстау тарихымен танысып, 362 әулиенің мекеніне айналған қасиетті өлкенің мәдениеті, салт-дәстүрі, кешегісі мен бүгіні туралы мол мәліметтерге қанықты.

 

Алғашқы күні аймақпен танысуды киелі Отпан тауға барудан бастаған меймандарға мемориалдық кешеннің қызметкері Құралай Ізімбергенова Маңғыстауды мекендеген қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері және Адай Ата туралы мол ақпаратты ұсынып, кешенде орналасқан ескерткіш, символдардың мағынасын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

 

«Отпантау» тарихи-мемориалды кешені мамандарының дайындауымен қонақтарға арнап қазақтың ұлттық тағамдарынан кең дастархан жайылды. Қазақша ет, шұбат, қазы, бауырсақ, балқаймақ т.б. ұлттық тағамнан дәм татқан шетелдік меймандар жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығына, кең пейіліне, ашықтығына таң қалысып, үлкен әсерге бөленгендерін жасырмады.

 

Мемориалдық кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек пен әдіскер Ботакөз Әліғұлова домбыра мен гитарада сүйемелдеп қазақтың әуезді әндерін сызылта шырқағанда қонақтар бей-жай қалмады.

 

Жол бойы Жыңғылды елді мекеніне тоқтап, жергілікті жастармен тілдесіп, Ақеспе тауының көркем келбетіне тамсанған Польша журналистері «Отпантау» тарихи-мемориалды кешенінен Ақтауға жақсы әсермен қайтты.

 

Шетелдік меймандарды екінші күні Маңғыстау облысының туризм басқармасы қабылдады. Аймақтың экономикалық дамуы, туристтік әлеуеті туралы сөз қозғалған басқосуда польшалық журналистерге Маңғыстаудың тұла бойы тарихқа толы қасиетті жерлері мен табиғаты сұлу орындары туралы баяндаған облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ільмуханбетова шетелдік меймандар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.

 

 

Польша журналистерін аймаққа визасыз келіп-кету жайы, Ақтау теңіз айлағының дамуы, өлкеде туризмнің өркендеуі бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар, шетелден қай елдерден аймаққа туристтердің көп келетіні туралы мәліметтер көбірек қызықтырды.

 

Кездесуге қатысқан Маңғыстау облыстық туризм басқармасы бастығының орынбасары Сүйеуова Гүлмира Қойқарақызы қонақтардың сауалына жауап ретінде:

Маңғыстау өлкесіне туристтік сапармен келушілер саны жыл санап арта түсуде. Биылғы жылдың 6 айында өңірге 24 990 турист келді. Аймаққа әсіресе Германия, Жапония, Ресей, Испания, Италия елдерінен туристтер көптеп келеді. Соңғы жылдары Жапония елінен Маңғыстауға жылына 10-15 топ туристердің келуі дәстүрлі түрде болып тұрады. Жаз айларында Каспий теңізіне шомылып, демалу мақсатында Қазақстанның әртүрлі өңірінен қыдырып келушілер саны өте көп,-деген мәліметпен бөлісті.

 

Басқосуда сөз алған өлке тарихы туралы кеңінен қалам тербеп жүрген қаламгер, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Наталья Задерецкая польшалық әріптестерімен Маңғыстауда айдауда болған поляк революционері, суретшісі Бронислав Залесскийдің өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ, орыс, поляк тілдерінде жазылатын кітаптың келер жылы жарық көретіні жайлы ақпармен бөлісіп, шетелдік әріптестерін өз жерлестері, қоғам қайраткері Б.Залесский туралы мәліметтерді жинақтауға атсалысуға шақырды.

 

Облыс әкімшілігінде өткен басқосудан шетелдік меймандар ризашылықпен тарасып, түстен кейін Маңғыстаудың қарашаңырағы – Форт-Шевченко қаласына жол тартты. Онда польшалық тілшілер Маңғыстау энографиялық мұражайы және Т.Г.Шевченконың мұражай-кешеніне бас сұғып, өлке тарихына қаныға түсті.

 

Екі күнге созылған Маңғыстау сапарынан Польша мемлекетінің журналистері қазақ елі, киелі Маңғыстаудың зор әлеуеті, бай тарихы мен көркем табиғаты, қазақ халқының дархан пейілі туралы көп жақсы әсер алып, ризашылықпен аттанды. Бұл турлы олар өздерінің сапары жайлы ой-пікірлерімен бөліскен шақтарында жарыса айтып жатты.

 


 

Анна Легутко, Польшаның туристтік журналының редакторы:

- Біз Варшава, Гданск қалалары және Польшаның т.б. аймақтарынан келдік. Қазақстанға келген сапарымыз сәтті болды деп айта алам. Таныстығымыздың алғашқы күні өте жылы атмосферада өтті. Қазақ халқының қонақжай, ашық мінезді, жайдары екеніне көзіміз жетті. Ұлттық тағамдардан дәм таттық. Бізге бәрі өте ұнады.

Қазақстан Еуропаға өте ұқсас екен. Тек қана мұсылмандардың өз салтын ұстанатыны ғана ерекше болып көрінді. Маңғыстау тұрғындары кең пейілді, ақжарқын көңілмен өлкеге келген барлық меймандарды құшақ жая қарсы алатыны бізді таңқалдырды.

 

Лукаш Фриски есімді радиожурналист:

- Маңғыстаудың көркем табиғаты мен тарихи ескерткіштері біздің қызығушылығымызды оятты. Мұнда тағы да келіп, асықпай аралап көретін жерлер көп екен. Әсіресе қонақты қарсы алу салттарыңыз керемет ұнады. Жылы қабақ пен дархан көңілдеріңіз бізді ерекше әсерге бөледі.

Поляк журналистері елдеріне барған соң Польша тұрғындарын Маңғыстауға жасаған саяхаттарының нәтижелерімен таныстырып, киелі өлкеге туристтік сапармен келуге шақыратындарын жасырмады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему