Маңғыстаулық «Халыққа қызмет көрсетудің» мамандары өзара сайысқа түсті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 14:05
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Маңғыстаулық «Халыққа қызмет көрсетудің» мамандары өзара сайысқа түсті

15 Мая 2014 (09:13) | 2085 | Автор: Редакция

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының қалалық, аудандық бөлімдері арасында «Белсенді маман» деген атпен «Жайдарман» көңілділер мен тапқырлар сайысы өтті. Сайыстың атының өзі-ақ айтып тұрғандай, бұл дода алда келе жатқан халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің аттестациясына дайындық ретінде ұйымдастырылды.

 

«Өйткені сайыстың барлық бөлімдері күнделікті қызмет бабында туындайтын сұрақтардан тұратындай етіп әдейі, қызметкерлердің алдағы аттестацияға дайындығын жетілдіру мақсатында осы ойындарды ұйымдастырып отырмыз»-деді аталмыш жарыстың ұйымдастырылуына мұрындық болып жүрген филиал директорының орынбасары Шәбдезім Ғалым.

 

Доданың өткені жайлы бұл ақпаратты басылым редакциясына «ХҚКО» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

КВН деген не? Бұл сұраққа бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Кез-келген көзі ашық адамға осы сұрақты қойсаң «КВН деген ең алдымен әзіл-қалжың!» деп жауап береді. Енді бір жақынырақ жүргендері «Жоқ, КВН деген осы әзілдерді ойлап тауып қана қоймай, оны сахнада көрерменге жеткізе білу!» деген қарсы дау айтады. Осы өнердің бір пұшпағын илеп жүрген жастар болса, ойланбастан «КВН деген өмір!» деп кеуделерін қағады.

 

Ең қызығы сол, осы қағидаларды айтқандардың қайсысы болсын қателеспейді. Рас, КВН деген әзіл жазып, оны әртістік қабілетімен көрерменге жеткізуді ұстанған өмір салты. Ол жас таңдамайды. Тілі енді шыққан баладан, үйдегі оразасын ұстап, таяғына сүйеніп жүрген ата-әжеңді де жатырқамайды. Бірақ, құрметті жеңіске деген ынтасы зор жас өнерпаз, есіңде сақтайтын ең бірінші қағида: КВН – ең алдымен ЕҢБЕК!-деп жауап берген екен қазақ жайдарманшылар одағының президенті Есен Елеукен.

 

«Сонымен ойлаған ойымыз іске асып, жайдарлы да жарқын жайдарман ойындары басталып та кетті. Сайысқа Жаңаөзендік «1414» командасы мен Ақтаудан «Не хабар?», Мұнайлыдан «Мұнайлы» командалары қатысты. Барлығы да орталық қызметкерлері. Осындайда «Ел іші – өнер кеніші» деген мақал еріксіз енсіңе келеді екен. Халыққа көрсетілетін қызметтің күйбеңімен жүрген қарапайым қызметкерлерде мынадай актерлық, мынадай өнерпаздық болады деп кім ойлапты? Құдды бір Қазақстанның КВН командалары келіп өнер көрсетіп жатқандай әсерде қалдық.

 

 

Ең қызығы Халыққа қызмет көрсету орталықтары кешегі зұлмат соғыс жылдарында болғанда қандай боларын көрсеткен Жаңаөзендік команданың көрсетілімі болды. Сонымен қатар Мұнайлының 17 ғасырдағы патшалар заманындағы ХҚКО, Ақтау қалалық командасының ХҚКО-дан жұмыстан шығып, дүкенші болып жұмысқа орналасқан қыз туралы әзілдері көрермен көңілдерін бір серпілтіп тастады .

 

Ол, ол ма? Әділ қазылар алқасы шешім қабылдауға кеткен кездегі шағын концерттік бағдарламаның өзі жұлдыздардың шоуына бергісіз болды. Мың бұрала би билеп, асқақтата ән шырқап, күмбірлете күй тартқандағы әсер одан да тамаша.

 

Сайыс қорытындысы бойынша жоғары дайындық көрсеткен Жаңаөзендік «1414» командасы 1-орынды және 50 мың теңге ақшалай сыйлықты үлкен басымдықпен жеңіп алса, «Мұнайлы» 2-орынды және 40 мың теңге ақшалай сыйлықты иемденіп , Ақтаулық «Не хабар?» 3-ші жүлделі орын мен 30 мың теңгені місе тұтты.

 

«Жүлденің ең кереметі сол, сайыстан екі күннен кейін Астанадан арнайы келген комиссияның қатысуымен өткен ХҚКО қызметкерлерінің аттестациясынан қызметкерлердің барлығы да түгелдей сүрінбей өтті. Ал бұл біздің басты мақсатымыздың орындалғаны!»-деп Шәбдезім Ғалым мырза балаша қуанды»,-делінген ХҚКО РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінен келіп түскен ақпарламада.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему