Мұнайшы селосында «Мектепке жол» қайырымдық акциясы өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайшы селосында «Мектепке жол» қайырымдық акциясы өтті

8 Сентября 2014 (05:43) | 6788 | Автор: Редакция

Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдық акциясы аясында Мұнайшы ауылындағы 50-ге жуық мүжәлсіз, ата-ананың қамқорынсыз қалған оқушыларына жалпы құны 1 млн. теңгені құрайтын қаржылай және мектеп құралдарымен демеушілік көмек көрсетілді.

 

Акцияға Мұнайшы ауылы аумағындағы кен игеруші кәсіпорындар және мердігер мекемелер, жеке кәсіпкерлер атсалысты.

 

Атап айтсақ «Алтын құрық» ЖШС – 100 000 теңге, «АЛМО» ЖШС – 100 000 теңге, «Ақмарал» ЖШС – 300 000 теңге, «Альянс LTD» ЖШС – 100 000 теңге, «НұрберСтрой» ЖШС – 200 000 теңгемен, «Oil Services Company» ЖШС – 200 000 теңгемен демеушілік көмек жасап, ауыл оқушыларына сыйлық жасады.

 

Аталған қайырылымдық акциясы аясында 3-қыркүйек күні Мұнайшы селосындағы №7 орта мектепте ауыл әкімі С.Төретаев, №7 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Б.Шаукенова, «НұрберСтрой» ЖШС директоры Н.Құлшықовтың қатысуымен 5 оқушыға мектеп құралдарын алу үшін қаржылай көмек және білім ордасына құны 1 млн. 700 мың теңгені құрайтын спорттық жабдықтар тапсырылды.

Сонымен қатар аталған мектептің 8 сынып оқушысы, ел ордасы – Астана қаласында өткен республикалық «Шешендік өнер» сайысынан жүлделі бірінші орынды иеленген Базарбай Нұрдәулетке толық жабдықтарымен компьютер сыйға берілді.  

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему