Венера Мирлан Президентпен кездесті
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 14:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Венера Мирлан Президентпен кездесті

8 Марта 2017 (16:21) | 2335 | Автор: Мира Ботабекова

 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше Қазақстан әйелдерімен кездесіп, 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Елбасының қатысуымен өткен «Көктем шуағы» атты кездесуге әр өңірден түрлі салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер, көп балалы аналар жиналды. Мемлекет басшысымен кездесуге Маңғыстау өңірінен республикалық «Айқын» және облыстық «Маңғыстау»  газеттерінің тілшісі Венера Мирлан мүмкіндік алды.

 

Кездесуге қатысушылар өздерінің кәсіби және күнделікті өміріндегі жетістіктері жөнінде әңгімеледі. Елбасымен сұхбаттасты. Президент маңғыстаулық журналист Венера Мирланқызы жайлы айта келе «қандай сұлу» деп, мақтау сөз айтқан. «Елбасымен кездесу әр әйелдің арманы деп білемін. Армандар орындалады екен, өте қуаныштымын. Мені кездесуді ұйымдастырушылар өткен жылы «Ұлттық инновациялар байқауында» жеңімпаз атанып, Лондон қаласындағы ВВС телеарнасына жолдама алып, барғаным үшін таңдаған. Сонымен қатар өзге де жетістіктерім сарапқа салынған. Қолдау көрсеткен ұжымға алғысым шексіз»,-дейді жүрекжарды қуанышымен бөліскен Венера Мирлан.

 

«Елбасы кездесу барысында әйелдерге қалай ұнау керек екенін айтып берді»,-деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. «Әйелге ұнағың келсе, ол әдемі болса, оның ақылды екенін айт. Ал егер әдемі болмаса, әдемі де. Екеуі де болмаса, «Қалай арықтағансың» де. Дұрыс па? Міне, оларды әлі күнге үйретіп келемін, сөйлесе алмайды», - деді әзіл сөзін жігіттерге бағыттаған Н.Назарбаев. Кездесуде Мария Галицкая гитарамен екі ән орындады.Мария Галицкая - 29 жастағы әнші, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Ол - Tengri-FM радиостанциясының тыңдармандары үздік деп тапқан «Брат» деген әннің авторы әрі орындаушысы.

 

Мемлекет басшысы іс-шара соңында көп балалы ана Мұқашеваны «Алтын алқа» белгісімен марапаттап, кездесуге қатысушылар үшін «Ақорда» резиденциясы ішінде экскурсия жүргізді.

 

Айта кетейік, президентпен кездесуге мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева, ғалым-микробиолог Әлия Ерназарова, Универсиады-2017 чемпионы Анна Шевченко, ҚХА мүшесі, ауыл мектебінің директоры Ирина Седова, "Жас Атамекен" жас кәсіпкерлер клубының президенті Зарина Көкжанова, ақын Толқын Қабылша, әнші Мария Галицкая, "Тенгизшевройл" ЖШС адам ресурстарын басқару бас менеджері, аудандық аурухананың бас дәрігеріҚарлығаш Рәзиева, Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, "Астана-Балет" театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көпбалалы ана Оксана Мұкашева, қобыздан халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, Астана қалалық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Назилия Раззак, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Оксана Давыденко, Парашют дайындығы орталығының аға маманы Римма Рамазанова, актриса Салтанат Бақаева,  журналист Венера Мирланқызы келді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему