Сотты құрметтемеушіліктің салдары
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 02:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сотты құрметтемеушіліктің салдары

22 Июня 2018 (18:44) | 2636 | Автор: Нурганым Имашева

Сот отырысында дер кезінде келмеген азаматтар сотқа қатысушылардың ғана емес, сонымен қатар судьяның да уақытын алып, жұмысына кедергі келтіреді. Ал, сотқа құрметтемеушілік білдіргендерге заң талаптарына сай, жауапкершілік көзделетінін көпшілік біле бермейді. 

 

 

Ол сот отырысына төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауынан, рұқсатсыз орнынан сөйлеу, балағаттау, алкогольдік ішімдік ішкен күйде келу, сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеу сияқты әрекеттерден көрінеді. Процеске келмей қасақана істің қаралуын созбалаңға салатын жағдайлар да аз емес. Кейде судьяға тіл тигізіп сөйлеп, төрағалық етушінің заңды өкімдеріне мән бермейтіндер, тәртіп бұзып, сот отырысын жүргізуге кедергі жасайтындар, судьяны дәлелсіз қаралап, негізсіз шағым жазатындар да кездеседі. Соған қарамастан судьялар сот отырысын талапқа сай өткізуге, тараптардың әділдік тауып кетуіне күш салуда.

 

Сот ғимаратының табалдырығын аттағаннан бастап бұл жауапкершілікті әрбір адам сезінуі керек. Тура би алаңында жалған сөйлеп, көрер көзге шындыққа жанаспайтын куәгерлік көрсету – сотты сыйламаудың бір түрі. Сотқа шақырту қағаздары дер кезінде жеткізіліп, тіпті SMS хабарламалардың көмегімен жеделдік артқан мына заманда сот отырысының уақытында өтуіне кедергі жасау сотты ғана емес, ҚР-ның заңын сыйламау болып табылады. 

 

 

ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653- бабының 1 және 2 бөліктерінің талаптарына сай, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай – ақ сотты және судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсіздік)- ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45380 теңге) айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 

Сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғанннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – отыз айлық көрсеткіш мөлшерінде (68070 теңге) айыппұл салуға не он тәулікке дейінге мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 

Заң сот процесіне қатысушылардан мемлекеттік сот билігі институты ретінде сотты құрметтеуді талап етеді және азаматтар заң талапатарына бағынуы тиіс.

                                                                                                             

Азаматова Асия Абылкасовна

Ақтау қаласының №2 сотының бас маманы 

сот мәжілісінің хатшысы

 

Суреттер Sputnik Казахстан, zanmedia.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему