Мамандар қарбыз сатып алудың қауіптілігін түсіндірді
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 08:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мамандар қарбыз сатып алудың қауіптілігін түсіндірді

7 Июля 2015 (09:42) | 2102 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Жазғы маусым басталысымен дүкен сөрелері мен жайма базарларда түрлі жеміс-жидектердің көбейе түсуі байқалатыны белгілі. Жуырда қалада қарбыз өнімінің көптеп сатыла басталғаны байқалды. Шілде айының басталғаны жаңа ғана, «Бұл қалай тез піскен қарбыздар? Қай жақтан әкелінді екен?» деген сауалдар әрбіріміздің көкейімізде тұрғаны анық. Ал кейбіріміз, қызыққаннан асығыс сатып алып та үлгерген шығармыз. Ойланып, бас қатырып жатпастан ала салудың соңы неге әкеліп соғатынын біле бермейтін жандар да кездесуі ғажап емес.

 

«Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының» мамандары бүгінгі таңдағы облыс орталығындағы қарбыздың сатылуына байланысты туындаған мәселе төңірегінде түсіндірулер жасауға арналған жиын ұйымдастырды.

 

Аталмыш басқосуға қаладағы базар басшылары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

Шараға қатысушыларға арнаған сөзінде қалалық Басқарма басшысы Назгүл Тұрғаналиева:

-Ақтау қаласына Оңтүстік Қазақстан облысынан 15 тонна қарбыз сатуға әкелінген деген фактілер анықталып отыр. Аталған өнімді қаладағы «Асар-С» көтерме базарына тапсыруға әрекет жасаған сатушының ұсынысын аталған сауда орны тиісті құжаттарының болмауына байланысты қабылдамаған. Сондықтан кәсіпкер біздің басқармаға өз өнімін тексеруге тапсырған болатын.

 

Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының берген нәтижесінде қауын-қарбыздың құрамындағы нитраттың мөлшері 1,5-3 есеге дейін жоғары екені анықталды,-деп мәлімдеді.

 

Жиында сөз алған аталмыш Басқарманың эпидемиологиялық бақылаубөлімінің басшысы Гүлжанат Исмаилова:

 

-Бірінші жартыжылдың қорытындысы бойынша Ақтау қаласында 24 жедел ішек инфекциясы тіркелді. Оның 3-уі сальмонеллез, 4-уі дизентерия, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 12 сырқат анықталды.  

 

Жұқпалы аурулар ауруханасынан бізге әзірге қарбыздан уланған деген мәліметтер келіп түскен жоқ. Алайда қауын-қарбыздың пісетін уақыты әлі бола қойған жоқ. Себебі күннің ысуы жақында ғана басталды, ал бұл бау-бақша өнімдерінің пісіп-жетілуі үшін ультракүлгін сәуленің мол болуы шарт.

 

Біздің аймақта бұл өнімдер тамыз айында ғана пісіп жетіледі. Ал ерте піскен деген көкөністердің құрамында зиянды нитраттар болатындықтан оларды жеген адам улануы мүмкін. Қарбыз жеп уланған адамда сырқаттың белгісі 1-6 сағат аралығында байқалады. Адам алғашында жүрегі айнып, лоқсиды, құсады, іші өтеді, басы айналып, әлсірейді, бауыр тұсы шаншып ауырады, жүрегі жиі соғып, қимылдары бұзылады, құлағы шуылдап, басы ауырады, ал тым қатаң жағдайда уланған адам есінен танып, құрысуға да ұшырауы мүмкін,-деп түсіндірді.

 

«Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының» басшысы Назгүл Тұрғаналиева бүгінгі таңда қала бойынша қарбыз сатуға ешбір сауда орнына арнайы рұқсат берілмегеніне тоқталды. Басшы өзі жүргізген мониторинг нәтижесінде бір күннің ішінде 3 заңсыз сауда орнын («Ақ отау» мейрамханасы маңында, «Мағаш» нан зауыты жанындағы және демалыс базаларына баратын жол жиегінде) анықтап, олар туралы ақпаратты қалалық ішкі істер Басқармасына жолдағанын айтты.

 

Құрамында адам денсаулығына зиянды химиялық заттектерінің, атап айтар болсақ нитраттары көп қауын-қарбызды жеп, улануға ұшырағанша, денсаулығымыздың қауіпсіздігін ойлап, тамыз басталғанша, ерте «піскен» көкөністерді пайдаланудан бас тартуды ұсынған «Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының» мамандары қала тұрғындарын сақ болуға шақырады.

 

Жиында сондай-ақ жемістер мен көкөністер сататын сауда орындарына қойылатын санитарлық талаптар мен қалалық әкімшілік бекіткен биылғы жылы «Ақтау қаласының аумағында көкөністер мен жемістер және бақша өнімдерін сатуға рұқсат етілген уақытша сауда орындарының тізбесі» таныстырылды.

 

«Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының» басшысы Назгүл Тұрғаналиева сауда орындары мен базарлар басшыларына жеміс-жидектер мен көкөністердің сапасын, қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын қадағалау қажеттігіне баса назар аударды.

 

Басқосуда сонымен қатар, кез-келген тұтынушы жемістер мен көкөністер немесе бақша өнімдерін сатушыдан «Өсімдік өсіру өнімдерінің үлгілерін нитратқа зерттеу хаттамасын» талап етуге құқылы екені түсіндірілді. Осыған орай, тұтынушы болып табылатын әрбір адам өзінің осы құқығын біліп жүрсе және оның аяқасты болмауына мүдделі болса ғана, өз денсаулығының сақталуына сенімді болары сөзсіз

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему